Ролл
Көрініс
Ролл (нем. rolle — білік) — қағаз дайындауға қажетті талшықты материалдарды қысқа және жұқа етіп ұсақтау үшін қолданылатын машина. Ролл алғаш рет 17 ғасырдың екінші жартысында жасалды. Оны алғашқыда голландер не голлендер деп атады. Роллдың ұсақтағыш тетігі біреуі қозғалмайтын, екіншісі айналмалы барабанға бекітілген екі түрлі пышақтан тұрады. Ұсақтағыш тетік су және ұсақталатын талшықты материал араластырылатын астауға орнатылады. [1]
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |