Розмарин
Розмарин | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
6 түрі белгілі |
Розмарин (лат. Rosmarinus) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.
Розмарин туралы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Розмарин — (rosmarinus officinalis) еріндігүлділер тұқымдасына жататын эфир майлы, мәңгі жасыл бұта. Биіктігі 2 метр. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 3 - 3,5 см, ені 2-4 мм. Жапырағының астыңғы бетінде эфир майы түзілетін көптеген бездер болады. Гүлі 5 - 10-нан шоқталып орналасқан, күлтесі ақ не күлгін түсті. Жемісі қоңыр 4 жаңғақты. Розмарин ерте көктемде және күзде гүлдейдi, ал жабайы түрі Жерорта теңізі өңірінде тараған. Қырымның оңтүстік жағасында, Кавказдың Қара теңіз жағалауында ботаника бағында, паркте өсіріледі.
Розмарин құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Розмарин қаламшалау арқылы көбейтіледі. Тұқымынан сирек өседі. Жас бұтақтараын күзде қаламшалап, жалға отырғызады, 2 - 3 жылдығанда ботаника бағына, паркке көшіріліп отырғызылады да арам шөбі оталып культиваторланады. Орта есеппен 1гадан 1 - 3 тонна құрғақ жапырақ жиналады.Эфир майы жас кепкен жас жапырақтарынан гүл шоғырынан алынады. Құрамында:
- 30٪ пинен
- 20٪ камфен
- 10٪ цинеол
- 7٪ камфора
тағы да басқа элементтер болады.
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жалпы розмаринды қолдану парфюмерия мен медицинада қолданады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Genus: Rosmarinus L.. Germplasm Resources Information Network. United States Department of Agriculture (10 қыркүйек 2004). Тексерілді, 4 қараша 2010.
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |