Мазмұнға өту

Репетиция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Репетиция [1](лат. repertіtіo — қайталау) — спектакль (концерт, эстрадалық ойын-сауық пен цирк бағдарламасын) дайындаудың негізгі бір түрі. Ол орындаушылар арқылы драма театрында режиссердің, сондай-ақ музыкалық театрда дирижердің, балет театрында балетмейстердің жетекшілігімен жүргізіледі. Қоюшы мен орындаушылар шығарманың жеке актісі, көріністері бойынша, тіпті тұтас күйінде бірнеше рет қайталап орындаудың нәтижесінде сол шығарманың идеялық мазмұнын дұрыс ашу мен бейнелі шешімін табу мүмкіндігіне ие болады. Репетицияның “үстел басында” (драм. шығарманы талдау арқылы әңгіме өткізу), дайындық бөлмесінде (сахналық жасау-жиіазсыз) және ақтық сахнада (толық киім-кешек, декорациясымен көпшілік алдында) өткізілетін түрлері бар. Муз. театрда оркестрлік, концертмейстерлік, хореогр., т.б. Репетициялар болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақша энциклопедия 7 том.