Рамсес ІІ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ІІ Рамсес немесе Ұлы ІІ Рамсес (б.з.б. 1290 — 1224) - Ежелгі Мысырдың XIX әулеттен шыққан фараоны. I Сети мен Туйи ханшайымның ұлы. Ол Ежелгі Египеттің аса ұлы фараондарының бірі болған. Б.з.д. 1303 жылы дүниеге келген. Шамамен 14 жасында таққа отырды[1]. II Рамсес оңтүстіктен бастапЖерорта теңізіне дейін және Нубияның оңтүстігіне жорықтар жасады. Билік еткен алғашқы жылдары қалалар, ғибадатханалар мен ескерткіштер салдырды. Хеттермен арадағы соғыстан кейін оған өзінің резиденциясын Дельтаның солтүстік-шығыс бөлігіне ауыстыру туралы ой келді. Сөйтіп, Дельтада жаңа Пер-Рамсес қаласы бой көтерді. Пер-Ремсес ғажайып ғибадатханалары бар үлкен де әсем қалаға айналды. Патшалығының екінші жылында Жерорта теңізінің Египетке қарасты жағалауындағы «шардана» немесе «шердан» деген атпен белгілі теңіз қарақшыларының көзін жойды.

II Рамсес патшалардың мәйіті қойылған «К\/7» мазарында жерленген. Оның мумиясы Кайродағы Египет мұражайына қойылды. Өмірінің соңғы кезеңінде ол тіс ауруына шалдығып, буын қабынуынан зардап шекті.

Хеттермен ұзақ уақыт соғыс жүргізіп, соның нәтижесінде Палестина мен Оңт. Сирия Египеттің қарамағына түсті. Ел астанасы Танис қ. болды. Р. ІІ Абидос, Фива, Карнак, Луксор және Абу-Симбелде, т.б. өңірлерде ғибадатханалар салдырды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұ 46 Ұлы императорлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”. ISBN 978-9965-26-591-4

  1. Putnam (1990)
  2. Қазақша энциклопедия 7 том.