Мазмұнға өту

Помпей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала ғимараттары әлі сақталған

Помпей[1]Италиядағы көне қала. Қазіргі Неаполь қаласының маңында. Б.з. 70 ж. тамызда Везувий жанартауының атқылауынан кейін жер астында қалған. Қазба жұмыстары 18 ғ-дың ортасынан осы уақытқа дейін жүргізілуде. Қаланың басым бөлігі, қақпа жанындағы мазар, қала сыртындағы бірнеше виллалар аршылған. Қалада бекініс қабырғалары және бірнеше қақпа, көшелер мен тұрғын үйлер орны сақталған. Көпшілігі түрлі суреттермен әшекейленген Помпей кенеттен апатқа ұшырағандықтан, дүкендердің, қоғамдық үйлердің жасау-жабдықтары сол күйінде сақталған. Помпей — б.з. 1 ғ-ндағы Рим өнері, мәдениеті, шаруашылығы, тұрмысы жайлы құнды дерек беретін ескерткіш. Діни аңыздарда шектен шыққан күнаҺарлықтары үшін құдайдың қаһары мен апатқа, ұшыраған қала ретінде белгілі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ энциклопедиясы
  1. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том