Пероксисома
Пероксисомалар — көлемдері 0,2 мкм-ден 0,5 мкм-ге дейінгі мөлшердегі мембраналы көпіршіктер. Олар лизосомалар секілді Гольджи аппаратының транс-полюсінен бөлініп шығады. Көпіршіктің мембранасының астында неғұрлым тығыз бөлігі мен перифериялық аймағы болады.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пероксисомалардың екі түрі бар. Ұсақ пероксисомалар (диаметрі 0,15-0,25 мкм) сүтқоректі жануарлардың (адамның) барлық жасушаларында кездеседі. Олардың құрамынды майда осмиофильді зат болады да, алғашқы лизосомалардан ерекшеленбейді. Диаметрі 0,25 мкм-ден ірі пероксисомалар тек кейбір ұлпаларда (бауыр, бүйрек) ғана кездеседі. Олардың құрамын кристалл тәрізді өзекше түзеді. Оның құрамында қою түрдегі ферменттер болады. Пероксисомалармен қатар басқа да мембраналы, құрамында ферменттері бар, диаметрі 0,5 мкм-нен 10 мкм-ге дейінгі микроденешіктер кездеседі.
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пероксисомада пероксидаза, каталаза және D-аминқышқылдарының оксидазасы ферменттері болады. Пероксидаза жасушаға токсинді әсер ететін сутегі тотығының алмасуларында қатысады. Пероксисомаларда биохимиялық реакциялар үшін молекулярлы оттегі қолданылады. Сондай-ақ пероксисомалар басқа да зиянды заттардың қосылыстарын, мысалы этанолды нейтрализациялауға қатысады. Каталаза пероксисоманың басқа ферменттерінің ішінде барлық ақуыздардың 40% құрайды. Пероксисомалар липидтер, холестерин және пуриндердің алмасуларына қатысады. Пероксисомалардың мембраналары тегіс эндоплазмалық тордан бүршіктеніп бөлініп шығады, ал ферменттері цитозольдің полирибосомаларында синтезделініп, пероксисомаға келіп түседі деген көзқарастар да бар.
Дереккөз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]http://humbio.ru/humbio/cytology/0023d0f2.htm
|