Мазмұнға өту

Пантикапей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Пантикапей (грек Pantikapaion )-Шығыс Қырымдағы көне қала, (қазіргі Керчь қаласы). Мемлекеттер б.з.б 6 ғ-дың 2- жартысында негеізін қалаған. Пантикапей тез арада ірі қалаға айналды. Б.з.б 6 ғ-дың 2- жартысында Пантикапей күміс тиын соққан. Б.з.б 5 ғ-дың 2- жартысында Пантикапей маңына рек қалалары бірігіп, Боспор мемлекетін құрды. Пантикапей осы мемлекеттің астанасына айналып, оның басты сауда, қолөнер және мәдени орталығы болды. Пантикапей өркендеу дәуірінде шамамн 100 га жерді алып жатты. Б.з.б. 6 ғ-да ол бекініспен қоршалды. Б.з.б. 2-1 ғ-дың соңындағы саяси оқиғалар (Савмактың көтерілісі, Диофанттың қаланы басып алуы, Митридат VI-ның соғыстары)сонымен бірге б.з.б. 2 ғ-дың 60 жылдарындағы болған күшті жер сілкіні Пантикапейді айтарлықтай бүліндірген болуы мүмкін. 4 ғ-дың соңында Пантикапейді ғұндар талқандады. Пантикапейді және оның некрополында археологиялық қазба жұмысы 19 ғ-дың 2-жартысында басталды. Топырақ обалар 20 ғ-дың басында, қала 19 ғ-дың соңында зерттелген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том, 124 бет