Ортопедия
Хирургия салалары
|
---|
· Пластикалық хирургия · ·Күйік хирургиясы · · Нейрохирургия · ·Оториноларингология · ·Офтальмология · ·Лазерлі хирургия · ·Ірінді хирургия · · Кардиохирургия · · Абдоминалдық хирургия · · Микрохирургия · Әскери-далалық хирургия · · Торакалды хирургия · · Урология · · Андрология) · ·Ортопедия · · Эндокриндік хирургия · ·Комбустиология · ·Неврология · ·Ангиология · ·Бас сүйегі хирургиясы · ·Бариатрия |
Ортопедия (грек. orthos – тік, түзу және paіdeіa – тәрбиелеу) – клиникалық медицинаның аяқ, қол, омыртқа бағанасының қисаюын, олардың қызметіндегі ауытқуларды зерттеп, одан сақтану және емдеу әдістерін зерттейтін саласы. О. терминін ғылымға француз дәрігері Н.Андри 1742 ж. енгізді. О-лық әдістердің ерте заманнан қолданғандығына Мысырда археол. қазбадан табылған б.з.б. бірнеше мың жыл бұрынғы адам сүйектерінің сынықтарын, шыққан буындарын емдеуге қолданған әр түрлі ортопед. құралдар дәлел бола алады. О. туралы алғашқы мәліметтер Гиппократ, Цельс, Гален, Әбу Әли ибн Сина еңбектерінде айтылған. Ортағасырлық француз хирургі А.Паре (1510 – 90) темірден корсет жасап, оны сколиозды емдегенде қолданды. Қазақстанда О. 1957 жылдан респ. медицина ин-ттарының осы аттас кафедраларында дамып келеді. Республикада ортопед.-травматол. қызметтің негізін салған мед. ғыл. докт., проф. Г.Л. Эдельштейн (1900 – 74) болды. Қазіргі кезде О-ның: жалпы О., балалар О-сы, балалар мен ересек адамдардың сүйек патологиясы, травматология, спорттық травматология, қол сүйектері хирургиясы, тірек-қимыл жүйесінің хирургиясы, нейротравматология, сүйек буыны туберкулезі және протездеу бөлімдері бар. Сынықты металл табақшамен (пластинкамен) жалғастыру (остеосинтез), қисайған омыртқа бағанасын операция жасап түзету, оның іш жағынан протез (эндопротез) салу, ет, сүйек, сіңір пластикасы, қантамыр және жүйке микрохирургиясы, т.б. хирург. әдістер мен гипстік техника, массаж, емдік дене шынықтыру, минералды сумен, электрмен емдеу тәсілдері дәрігерлік тәжірибеде кеңінен қолданылады. Республикамызда О. мәселелерімен Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Семей, Қазақ, Оңтүстік Қазақстан мемл. медицина академияларында, Алматы Дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тында ортопедия және травматология кафедралары, 2002 ж. Астана қаласында Қазақстанда тұңғыш ашылған ортопедия және травматология ғыл.-зерт. ин-ты, барлық облыс орталықтарындағы клиник. ауруханалар шұғылданады. Алматы, Петропавловск, Семей қ-ларында ортопедиялық-протез жасау кәсіпорындарында ортопед. жасанды мүшелер (қол-аяқ, корсет, т.б.) дайындалады. Қазақстанда О. ғылымының дамуына мед. ғыл. докт., профессорлар А.Сегізбаев, Х.Мақажанов, К.Пальгов, Б.Хабижанов, О.Әбдіразақов, А.Әбдірахманов, Н.Батпенов, К.Садырбаев, т.б. ғалымдардың қосқан үлесі зор.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7том 9 болім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |