Мазмұнға өту

Оранжерея

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Оранжерея
Оранжерея

Оранжерея (франц. orangerіe, orange – апельсин) немесе жылыжай – өсімдіктер өсіру мен оларды күтіп-баптау үшін арнайы жасалған әйнектелген ғимарат. Оранжереяда ылғалдың, температура мен жарықтың белгілі бір жағдайлары қамтамасыз етіледі. Оранжереяда ағаштар, бұталар, көбінесе мәңгі жасыл өсімдіктер (мысалы, пальма), цитрусті өсімдіктер (лимон, апельсин), жеміс-жидектер мен гүлдер өсіріледі. Оранжерея ішінде температураны белгілі бір деңгейде (10С және одан жоғары) ұстау үшін күн сәулесі мен техникалық жылыту аппаратуралары (электрлік, сумен жылыту) қолданылады. Оранжереяның: бір еңісті, екі еңісті, блокты және ангарлы түрлері болады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том