Олд Бойз
«Олд Бойз» футбол клубы (нем. BSC Old Boys) — Швейцарияның Базель қаласында орналасқан футбол клубы. 1894 жылы құрылған. Футбол секциясынан бөлек жүзу, жеңіл атлетика және теннис секциялары бар. Соңғысының шәкірті - белгілі швейцариялық теннисші Роджер Федерер.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1876 жылы орта мектептің гимнастика мұғалімі Адольф Глаз RTV/Realschüler-Turnverein (орта мектеп оқушыларының гимнастика клубын) құрды. 1893 жылы ол өз оқушыларын жаңа футбол ойынымен таныстырды. Содан бері клуб мүшелерінің кейбіреулері жазғы және күзгі демалыс кезінде үнемі кездесіп, RTV/Realschüler-Turnverein футбол командасы құрылды. Оқушылар мектепті бітіргенде, олар оқушылар қауымдастығының мүшесі бола алмады. Сол себепті 1894 жылы өздерінің футбол клубын құрды[1]. Клубты негізін қалаушылар мектеп клубы үшін «тым ересек» болып қалғандықтан, жаңа клубты «Олд Бойз» деп атады[2].
Швейцарияда алғашқы ұлттық чемпионат 1897–98 жылдары өткеніне қарамастан, ол ресми деп саналмайды, өйткені оны Швейцария футбол қауымдастығы ұйымдастырмаған. Олд Бойз алғашқы чемпионатқа қатыспады, бірақ келесі маусымда өткен екінші чемпионатқа қатысты[3].
Ресми Швейцария чемпионатының алғашқы маусымы 1898–99 жылдары өтті. Турнир үш аймақтық топқа бөлінген: шығыс (Цюрих аймағы), орталық (солтүстік-батыс Швейцария аймағы) және батыс топтары (Романдия). Әр топтың жеңімпаздары ақтық кезеңге шығып, айналмалы жүйемен финалдық турнир өткізді.
«Олд Бойз» 1898 жылы 13 қарашада орталық топтың жартылай финалында Ландхоф стадионында жергілікті қарсыласы «Базель» футбол клубына қарсы ойнады. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды[4], сондықтан қайта матч өткізу керек болды. Қайта матчта да есеп тең болып, келісілген қосымша екі 20 минуттық уақытта да жеңімпаз анықталмады.
«Олд Бойз» клубы «Базельдің» бірінші голы қолмен соғылған деп шағымданып, Швейцария футбол қауымдастығына наразылық түсірді. Нәтижесінде, Швейцария футбол қауымдастығы наразылықты қолдап, даулы голды есептен алып тастады. Осылайша, «Олд Бойз» Швейцария футбол тарихындағы алғашқы техникалық жеңіске жеткен клуб болды[5].
«Олд Бойз» финалға шыққанымен, чемпиондықты «Англо-Американ Клуб Цюрих» иеленді[6].
1903–04 жылғы Швейцарияның чемпионаты тағы да үш аймақтық топқа бөлінді: шығыс, орталық және батыс. «Олд Бойз» орталық топқа орналасты. Бұл топта «Янг Бойз», «ФК Берн», «Биль-Бьенн», және Базель қаласынан «Базель» мен «Фортуна Базель» командалары болды.
«Янг Бойз» және "Олд Бойз" ұпай санымен теңесіп, шешуші матч ұйымдастырылды. «Олд Бойз» шешуші ойында 3:2 есебімен жеңіске жетіп, финалдық кезеңге жолдама алды.
Финалда «Санкт-Галлен» алдымен батыс тобының жеңімпазы «Серветтпен» 1:1 есебімен тең ойнады, кейін орталық топтың жеңімпазы «Олд Бойзды» 1:0 есебімен жеңді. «Олд Бойз» «Серветтті» 2:0 есебімен жеңіп, жалпы есепте «Санкт-Галлен» өзінің алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алды[7].
1912–13 жылғы Швейцарияның чемпионаты бұрынғыдай үш аймақтық топқа бөлінді. «Олд Бойз» орталық топқа орналасты. Бұл топта олардың жергілікті қарсыластары «Базель» және «Нордштерн Базель (футбол клубы)|Нордштерн Базель]]» болды. Сондай-ақ бұл топта «Янг Бойз», «Ла Шо-де-Фон», «Этуаль-Спортинг Ла Шо-де-Фон», «ФК Берн» және «Биль-Бьенн» командалары ойнады.
«Янг Бойз» клубын бір ұпайға артта қалдырған «Олд Бойз» топ жеңімпазы атанып, финалдық кезеңге шықты. Чемпиондық атақты «Лозанна» футбол клубы жеңіп алды, ал «Олд Бойз» тағы да екінші орынмен шектелді[8].
Клуб бастапқыда FC Old Boys Basel ретінде құрылған, бірақ 20-ғасырдың басында BSC Old Boys атауын алды. 1899, 1904 және 1913 жылдары түсіндірілгендей, клуб Швейцарияның Serie A чемпионатында үш рет екінші орын алды, бірақ 1932 жылы кәсіби лигадан шығып қалды. Бірнеше жыл бойы әуесқойлар лигаларында ойнағаннан кейін, «Олд Бойз» 1987 жылы қайтадан Nationalliga B-ға көтерілді. Сол жылы олардың жергілікті қарсыластары «Базель» Nationalliga A-дан шығып қалды, бұл екі клубтың қайта кездесетінін білдірді.
1995/96 маусымында «Олд Бойз» кәсіби дивизиондардан шығып, қайтадан әуесқойлар қатарына түсті.
Стадионы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Олд Бойз» ойындарын Шютценматте стадионында өткізеді. Алайда, клубтың бастапқы үй алаңы Маргарет Мидоу болған. Клуб бұл стадионнан кетуге мәжбүр болды, себебі Базельдің өнеркәсіптік кәсіпорны IWB бұл аумақты сатып алып, өз штаб-пәтерін сол жерде салды.
Стадионның сыйымдылығы шамамен 8 000 адамды құрайды (6 000 орын тұрып көруге және 2 000 орын отырып көруге арналған)
Атақты бапкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Басқа спорт түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1922 жылы жүзу секциясы құрылды, кейін басқа клубтармен бірігіп, 1927 жылы теннис клубы құрылды. 1935 жылы клуб Tennis Club Old Boys болып бөлінді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Stefan Peter Basler Fussballvereine / Basler football clubs (нем.).
- ↑ Meier, Eugen A. Geschichte des FC Old Boys (нем.). History of FC Old Boys. e-periodica.ch / ETH Zürich.
- ↑ gottfriedfuchs.blogspot.ch FC Basel (ағыл.). gottfriedfuchs.blogspot.ch (2012).
- ↑ Verein "Basler Fussballarchiv” FC Basel - BSC Old Boys 1:1 (1:1) (нем.). Verein "Basler Fussballarchiv”. Тексерілді, 28 қараша 2024.
- ↑ Daniel Schaub Wie die Old Boys zu den ersten Forfait-Siegern der Schweizer Fussballgeschichte wurden (нем.). tageswoche.ch (2014).
- ↑ Erik Garin Swiss Series A 1898/99 (ағыл.). Rec.Sport.Soccer Statistics Foundation. Тексерілді, 28 қараша 2024.
- ↑ Erik Garin Serie A 1903/04 (ағыл.). Rec.Sport.Soccer Statistics Foundation. Тексерілді, 28 қараша 2024.
- ↑ Garin, Erik Switzerland 1913 (ағыл.). rsssf.org.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Official website (archived 1 January 2013)
- Old Boys website (archived 17 February 2010)
- Old Boys website