Мазмұнға өту

Нота (музыка)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нота (лат. nota) — музыканың қағазға жазып түсіруде қолданылатын графикалық шартты белгілер. Грекия, Мысыр, т.б. елдерде музыка жазуының әріптік, буындық, сандық, график., т.б. түрлері пайдаланылды. Бірақ олардың ешқайсысы да музыкалық дыбыс биіктігі мен созылымын нақты көрсете алмады. Ғасырлар бойы ізденістер нәтижесінде, 17 ғасырда Еуропада қазіргі нота жазу жүйесінің негізі қалыптасты. Нота жазу жүйесінде музыкалық әр дыбысты сопақша келген дөңгелек, ашық – және қара – ! таңбамен белгілеу қабылданды. Осы қос таңбаға қосымша: таяқша, жалауша (құйрықша), арқа (байлағыш) секілді белгілерді біріктіріп жазу арқылы музыкалық дыбыстардың ұзақтығы (созылуы) дәлме-дәл анықталады. Дыбыс ұзақтығын көрсететін ноталарға сайма-сай келетін музыкалық тыныс (пауза) белгілері де бар: Музыкалық дыбыстардың биіктік деңгейі олардың нота сызықтарының астына, үстіне, араларына орналасуына қарай айқындалады: Халықаралық дипломат. қатынас термині. Бір елдің екінші бір елге наразылық көрсетуі мен қарсы ұстанымдары, көзқарастары қажет болған жағдайда сол елдің Сыртқы істер мин-не немесе елшілігіне нота тапсыру арқылы білдіріледі. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8