Мазмұнға өту

Муджахидтер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Муджахидтер[1] (араб тілінде – әділ, қасиетті іс, сенім үшін күрескер) – 1905 ж. Иранда құрылған құпия саяси ұйымның мүшелері. Олар 1905 – 11 ж. Иран революциясы (әсіресе 1908 – 09 ж. Тебриздегі көтеріліс пен 1909 ж. Решттегі төңкеріс) кезінде белсенді рөл атқарды. Ұйым мүшелері негізінен халықтың кедей топтары мен ұсақ өндіріс өкілдерінен құралды. 1907 ж. қабылданған Муджахидтердің бағдарламасы шаһқа тиесілі жерлерді кәмпескелеуді, билеушілер иеленіп отырған жерлерді құнын төлеп сатып алуды, оларды шаруаларға үлестіріп беруді, 8 сағаттық жұмыс күнін, кедейлерден алынатын салықтарды жоюды, т.б. талап етті. Муджахидтер төңкерісшілерінің негізгі қарулы күштері – федаилар жасағын құрып, “Гуммет” социал-демократиялық тобы арқылы Закавказье большевиктерімен байланыста болды. 1911 ж. төңкерісті басып-жаншу кезінде муджахидтер ұйымы таратылды. Муджахидтер Алжирдегі 1954 – 62 ж. ұлт-азаттық соғысқа қатынасып, француз отаршыларына қарсы тәуелсіздік жолында күресті.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ энциклопедиясы
  1. Қазақстан энциклопедиясы, VI-том