Мирхонд Мұхаммед ибн Хавандшах
Мирхонд Мұхаммед ибн Хавандшах (1433 жылы, Балх – 24.2.(22.6.)1498, Герат) – парсы тарихшысы. Гераттағы Темір әулеттері сарайында қызмет еткен, Әлішер Науаидың әдеби үйірмесінің мүшесі. “Пайғамбарлар, патшалар мен халифтардың өмірбаяндары жөніндегі тазалық бағы” атты 7 томдық еңбегімен танылған. Мирхонд шығармалары еуропалық зерттеушілер үшін Иран мен Орта Азияның тарихы жөніндегі бірден-бір дерек ретінде ұзақ уақыт бойы қызмет етті. Әсіресе 6-томның кейбір бөліктері мен бүкіл 7-томның (1522 жылға дейінгі оқиғаларды Мирхондтың немересі Хондемир толықтырған) құндылығы жоғары. Өйткені ондағы оқиғалар сол тұстағы адамдардың баяндауы негізінде жазылған. Қалған томдары бөгде зерттеулер мен шығармалар негізінде ешбір өңдеусіз құрастырылған. Бірақ шығармалардың көпшілігі біздің заманға дейін жетпеген. Мирхонд еңбектері Шығыста литографиялық әдіспен бірнеше рет басылды. Еуропада кейбір бөлімдері ғана аударылып, жарық көрді. Мирхонд шығармаларының толық тізімі А.Е. Крымскийдің 1917 жылы Мәскеуде жарық көрген “Персияның, оның әдебиеті мен дәруін теософиясының тарихы” (3-том) атты кітабында келтірілген.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 6 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |