Мазмұнға өту

Металогика

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Металогика (грек. meta – кейін) — әр түрлі логикалық теориялардың құрылымы мен қасиеттерін зерттейтін логика саласы.

Металогика дедуктивтік ғылымдардың (әсіресе математиканың) негізін зерттеуге байланысты пайда болған. Металогикада зерттелетін теориялар ретінде логикалық есептеулер алынады. Нәтижесінде формальды дәлелдеулердің әр түрлі теориялары, ұғымдардың анықталуы теориясы, модельдер теориясы, формальданған тілдердегі ақиқаттылық теориясы, т.б. теориялар жасалынады.

Металогика екі бөлімнен тұрады:

Металогиканың жаңа бөлімі болған логик. семантиканың негізі поляк ғалымы А.Тарский (1902 – 88) мен австриялық Р.Карнап (1891 – 1970) еңбектерінде қаланды. Металогиканың дамуы формальданған тілдердің қасиеттерін құру және Металогиканың негізгі ғылыми нәтижелеріне американдық ғалым А.Черчтың кейбір есептеулер предикаттары үшін мәселе шешудің мүмкін еместігі туралы дәлелі мен Тарскийдің қайсыбір есептеулер үшін ақиқаттылықтың предикатын сол есептеулердің құралдарымен түсіндіруге болмайтындығы туралы дәлелі жатады. Металогиканың дамуы формальданған тілдердің құрылымын зерттеумен тығыз байланысты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]