Майқоға
Майқоға | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Typha latifolia L. | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Майқоға (лат. Typha latifolia) – қоғалар тұқымдасына жатады. Өзен мен көлдердің жағалауында, сулы батпақты жерлерде өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі, негізінен солтүстігінде жиі. Майқоға жуан тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 100-150 см., тамырсабақтары жайыла өскен; таспа тәрізді жалпақ жапырақты, ені 4-6 мм.; аталық және аналық шоқ гүлдері ұзынша цилиндр пішіндес, 3-8 см; аналық гүлдері қара-қоңыр, жұмсақ болып келеді. Аналық гүлдері жалғыз аналықтан тұрады, аналығы ұзынша; түкті келген ұзын тағанда (гинофор) орналасқан бірұялы жатында жалғыз тұқым бүршігі дамиды. Аталық собық аналық собықтан жоғары орналасқан. Гүлсеріктері түкшелі. Бірүйлі өсімдіктер. Маусым-тамызда гүлдейді. Жемісі – дән, ұшуға бейімделген ұзынша шашақты қанатша тәріздес желге көтергіші бар. Жуан тамырсабақтары крахмалға бай болады, жеуге жарамды. Қоғалар қалың болып өседі. Жапырақтарынан түрлі бұйымдар тоқуға, қоғаның өзінен қағаз өндіруге болады. Крахмалға бай тамыр сабақтары – ондатраға, нутрийге, тағы басқа аңдарына таптырмайтын азық.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |