Лиана
Көрініс
Лиана (французша lier - байлау) - өздігінен тік көтеріле алмайтын, бірақ маңындағы ағаш, бұта, құрылыстарға ілініп, шырмалып немесе өрмелеп тез өсетін ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер.
Лианаға көбіне гүлді өсімдіктер, папоротниктің кейбір түрлері, жалаңаш тұқымдылар жатады. Лиананың ілініп өсетіндерін өрмелегіш өсімдіктер, оралып өсетіндерін шырмалғыш өсімдіктер деп атайды. Лианалар күн аз түсетін тропик, субтропик ормандарда 2000 түрі, Закавказье, Уссурий өлкесінде таралған. Лиананың арам шөп (егінжай шырмауығы, шырмауық таран), қолдан өсірілетін (жүзім, құлмақ, бұршақ, т.б.) және әсемдік үшін өсірілетін түрлері бар. Құлмақтан ашытқы (нан, сыра) жасалады, жемісі (жүзім, бұршақ, т.б.) тамаққа пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том