Көп нүкте
…
|
---|
дәйекше ( ’ ' ) |
Сөз аралық бөлу |
бос орындар ( ) ( ) ( ) |
Жалпы типографика |
«және» таңбасы ( & ) |
Жалпы емес типографика |
көп жұлдызша ( ⁂ ) |
Көп нүкте — белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын немесе айтылмақшы пікірдің толық айтылмағандығын білдіру үшін қойылатын тыныс белгі. Көп нүкте - мағынаға байланысты қойылатын белгі. Ол, негізінен, мынадай жағдайларда қойылады:
- Өлең немесе прозалық текстен кейбір сөз, я кейбір тармақ түсіп қапса: - Ім-м... сыртта тағы біреу бар ма? - Бар, ол Жағалбай ғой... Ақсақалдармен мақұл десіп тізімге кірген жігіттердің бірі... (X. Е.). Бірақ секіріп шығам деп... мертігеді, жатады (Абай).
- Алынған цитаттан сөз немесе сөйлем қалдырылған жағдайда: "Әуелі еңбек, ал онан соң және сонымен бірге... сөз ең басты екі стимул болды, - деп жазды Ф. Энгельс, - осы екі стимулдың әсерінен маймылдың миы... адам миына айналды" (К. Маркс, Ф. Энгельс, Таңд. шығ., А., 1956).
- Айтылмақшы ой желісі әр түрлі себептермен (булығып сөйлей алмау, ой бөлініп кету, сөйлеушінің сөзін аяқтатпай бөліп жіберу т. б.): Жоқ, ешкім де ұрған жоқ, кейін айтам... Aнa, төсек салып берші, жатқызшы (М. Ә.).
- Бір сөз бірнеше рет қайталанған жағдайда болмаса сөйлеуші сөйлеп келе жатып, сезінің арасында айтарлықтай кідіріс жасаса, оның ар жағында бірдеңенің айтылмай қалғандығы аңғарылып жатса, бірнеше рет қайталанған сөздер арасына немесе кідірістен соң қойылады: - He болды? - Мені қара басты!... Құлаттым... - Нені құлаттың? - Баланы... (Б. М.).
- Көп нүкте қойылмайтын сөйлем сұраулы не лепті болып келсе, әуелі сұрау, леп белгісі одан соң қатарынан екі нүкте қойылады: Сонау Шоғанға машинаның басы барғанда не бітіреді?... - Ах, найсап, найсап!... Құтырған ит неден тайынады! (Ғ. М.).
- Кісі сөйлеп келе жатып айтайын деген сөзі есіне түспей, ұмытып қалса, соны кенетген еске түсіргенде: - Балам, өткен жұмада біздің үйге... деген дәрігер келіп еді ғой, әкесінің аты... емес пе? (X. Е.).
- Санамалап айтылып жататын кейбір пікірлердің барлығын айта бермей, олардың кейбіреуін айтып жатудың артық екендігін білдіру үшін: Қызылорда өңірінде арпа, күріш, тары... есіріледі (С. М.).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|