Көкірек
Кеуде қуысында ажыратады: Бүйір кеңістіктерін. Онда өкпе орналасады; Көкірек аралық - перикард, жүрек, айырша без, өңеш, кеңірдек және негізгі бронхтар, кеуделік лимфалық ағым, лимфа түйіндері, фасциалды - клетчаткалы түзілістер.
Көкірек аралықтың құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шекаралы:
- Алдыңғы жағынан -төс және төсарты фасция;
- Артқы жағынан - омыртқалардың кеуделік бөлімі, қабырғалардың мойыны және омыртқаалдылық фасция;
- Бүйір жағы – плевра және кеудеішілік фасцияның жапырақшалары.
- Төменнен – диафрагма және диафрагмальды фасция.
- Жоғарғы жағы - фасциалды тяждар және пластинкалар арқылы мойынның фасциалды – клеткалық кеңістігінен бөлініп тұрады.
Кеуде қуысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шартты 4 бөлімге бөлінген: жоғарғы, алдыңғы, ортаңғы, артқы.
- Жоғарғы – айырша без, иықбас веналары, жоғарғы қуысты венаның жоғарғы бөлігі, аорта доғасы, трахея, өңеш, кеуде лимфа ағымы, симпатикалық бағандар, кезбе жүйке және диафрагмальды жүйкелер, фасциялар және клетчаткалы кеңістіктер.
- Алдыңғы – төс денесі мен перикардтың алдыңғы қабырғасы арасында, кеудеішілік фасциялар бар (тамырлар мен лимфа түйіндері).
- Ортаңғы бөлімі – жүрек, трахеяның бифуркациясы, негізгі бронхтар, өкпелік артериялар мен веналар, диафрагмалды жүйкелер, лимфа түйіндері.
- Артқы бөлімі – трахеяның шектелген бифуркациясы, перикардтың артқы қабырғасы, IV - XII кеуде омыртқаларының денелері.
Перикард
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Перикард - жүректі, аортаны доғаға ауысу жеріне дейін, өкпе бағанын оның бөлінетін жеріне дейін, қуысты және өкпе веналарын қоршап жататын тұйық қап. Ол сыртқы фиброзды және серозды перикардтардан құралады. Олар париетальды және висцеральды пластинкалар болып табылады. Пластинкалар арасында серозды перикардиальды қуыс орналасқан. Перикардта 4 бөлімді ажыратады:
- Алдыңғы - төс-қабырғалық бөлім, ол кеуде қабырғасына жанасып жатады, және төс- перикардиальды байламдармен бектіліп тұрады.
- Төменгі – диафрагмальды бөлім – диафрагманың шеміршекті (сухожилье) орталығымен бітіседі.
- Бүйір – плевральды – средостенный плевраға жанасып жатады.
- Артқы – средостенный – үшбұрышты пластинка. Ол жүрек ұшы тамырларының арасында орналасқан.
Жүрек скелетотопиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шекаралары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-Оң жағы - ІІ қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегінен өтеді. Ары қарай ІІІ- V қабырғаға дейін төстің оң жақ жиегінен 1-2 см. алшақ орналасады. V қабырға деңгейінде төмен қарай өтеді. Содан кейін сол жағынан 6 қабырғааралығына, ары қарай 6 қабырғаның шеміршегі арқылы 5 қабырғаарлық кеңістікке.
-Сол жағы – төстің сол жағына бекіген жерден І қабырғадан сол жақ төс сызығынан 2см. солға қарай ІІ қабырғаға дейін. 2 қабырғааралық кеңістік деңгейінде – төстің сол жақ жиегінен 2-2,5 см. сыртқа қарай (өкпе бағанының проекциясы). Сызықтың жалғасы ІІІ қабырға деңгейінде сол жақ жүрек құлақшасына сәйкес келеді.
-Оң жақ жүрекше - қарыншалық тесік пен үшашпалы клапан проекциясы - V қабырғаның төстік ұшы сол жақ бірінші қабырға шеміршегінінің сыртқы ұшымен қосылған жері.
-Сол жақ жүрекше – қарыншалық тесік пен митральды клапан проекциясы – III қабырғааралықта, төстің сол жақ жиегі. Артериальды тесік пен өкпе бағанының жартыайлы клапандары - ІІІ қабырға шеміршегі деңгейінде төстің сол жақ жиегінде
Айырша без, тимус
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жоғары плеврааралық аймақта орналасқан және төс арты фасцияға жанасып жатады. Бездің артында иық-бас веналары мен аорта доғасы, төменнен және артынан перикард орналасады.
Плевра
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Плевра - өкпелерді қаптап тұратын шырышты қабықша болып табылады және кеуде қуысының қабырғаларын төсеп тұрады. Плевра жапырақшалары (париетальды, висцеральды) арасында қалыпты жағдайда 20-25 мл. сұйықтық болады.
Кеңірдек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]VI – VII мойын омыртқалары деңгейінде көмей кеңірдекке өтеді. Кеңірдек – көмейден негізгіт бронхтарға дейінгі тыныс алу түтігінің бір бөлігі. Ол – фибромускулярлы түтік, ұзындығы орта шамамен 10-12 см., ені 13-22 мм. Кеңірдек тесігі, оның қабырғасындағы 15 – 20 кеңірдекті шеміршектің болуына байланысты сақталып тұрады. Осы шеміршек кеңірдектің алдыңғы және бүйір бөлімдерін құрайды. Ал артқы бөлімі жарғақты бөлік деп аталады. Кеңірдектің қанмен қамтамасыз етілуі – төменгі қалқанша артериялары және әкеткіш аортадан немесе жоғарғы қабырғааралық артериялардан басталатын бронх артерияларының тармақтары арқылы. Иннервациясы – жоғарғы көмей жүйкелері тармақтары арқылы.
Өкпе
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өкпелер терең жүлге арқылы бөліктерге бөлінеді: сол жақ өкпе 2 бөлікке – жоғарғы және төменгі, оң жақ – жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Сол жақ өкпеде ортаңғы бөлік жоқ, бірақ оған сәйкес тілдік сегмент бар. Өкпелік сегмент - өкпе тінінің негізгі морфологиялық бірілігі болып табылады. Оған жататындар – бронх, артерия, веналар, жүйкелер, лимфа тамырлары. Оң жақ өкпеде 10 сегмент, сол жақ – 9 сегмент бар. Қанмен қамтамасыз етілуі – бронхылық тармақтар арқылы. Иннервациясы - жүйкелік вегетативтік жүйенің парасимпатикалық және симпатикалық бөліктері арқылы.
Зерттеу әдістері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Рентгендік зерттеу:
-рентгеноскопия
-рентгенография
- Томография - өкпені қабат бойынша рентгендік зерттеу.
- Трахеобронхоскопия – бронхоскоп көмегімен зерттеу.
- Цитологиялық зерттеулер;
- Компьютерлік томография;
- Бронхография – бронхтардың контрасты заттармен толтырылғаннан кейінгі рентгендік зерттеуі;
- Ангиопульмонография - өкпе тамырларын контрасты зерттеу;
- Жоғарғы кавография – жоғарғы қуысты венаның контрасты зерттеуі;
- Бронхиалды артерияның артериографиясы;
- Пневмомедиастинография – көкірек аралық клетчаткаға газ еңгізгеннен кейін өкпе клеткасын рентгендік зерттеу;
- Плеврография – плевра қуысына контрасты затты еңгізгеннен кейінгі рентгендік зерттеу;
- Торакоскопия – плевра құрылымын зерттейді;
- Медиастиноскопия – кеңірдектің алдыңғы беткейін қарау;
- Радиоизотопты сканирлеу ксенонмен – қан ағуды анықтау.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Г.Е. Остоверхов, Д.Н.Лубоцкий, Ю.М. Бомаш “Курс оперативной хирургии и топографической анатомии”.
- В.В. Кованова “Оперативная хирургия и топографическая анатомия”.Мәскеу “Медицина”, 1985
- Анатомия человека: Т1. И.Борзяк, Л.и.Волкова, Е.А.Добровольская и др.: под.ред.М.Р.Сапина.-М.:Медицина,1997
- М. Г. Привес, Н. К. Лысенков, В. И. Бушкович Анатомия человека — 9-е изд.. — Мәскеу: Медицина, 1985. — С. 275-282. — 110000 экз.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |