Мазмұнға өту

Көйлек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Көйлек – әйелдерге арналған киімнің бір түрі (Қазақстанның кейбір аймақтарында ерлер жейдесін де Көйлек деп атайды). Қыздар мен әйелдер Көйлегін бүрмелі, тік етек, қос етек, үш етек, көп қатарлы деген бірнеше түрге бөледі. Қос етек Көйлек бір етектің үстіне бір қатпар етек қосылып тігіледі. Көп етек Көйлекке екі, үш етек қосып тіккен. Кең етекке ештеме қоспай тігіледі. Тік етек, кең етекті Көйлекті қарт әжелер, бүрмелі Көйлекті көбінде орта жастағы әйелдер, қатарма, таспа жүгірткен бүрмелі, қос етек Көйлекті жас келіншектер мен қыз балалар, етегі үш қатпардан көп қатарма қатпарлы Көйлекті жаңа түскен келіншектер мен бойжеткен қыздар киеді. Етегінің қатпарына сай жеңіне де қатпар түсіріледі. Тана, шытырма, жармалармен сәнделеді. Көйлектер тігілген матасының түріне, мақсатына (күнделікті киілетін Көйлек, жиын-тойға арналған “кештік” Көйлек, т.б.) байланысты да бөлінеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1];
[2], Ата кәсіп, А., 2001.

  1. Казахи, А., 1995
  2. Раимханова Г.Н.

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том