Күл
Күл– түрлі отындардың толық жануы кезінде олардың құрамындағы минералдық қосылыстардан түзілетін жанбайтын қалдық. Химикалық құрамы жағынан күл SіО2, Al2О3, CaO, MgO, Fе2О3, т.б. оксидтерден тұрады. Тас көмір мен қоңыр көмірдің 1 – 45%-ы, жанғыш тақтатастың 50 – 80%-ы, шымтезектің 2 – 30%-ы, ағаш отынның 1% мөлшері күлге айналады. К. қазандық агрегаттардың оттығында, т.б. бөліктерінде қож (шлак) түрінде тұтылып, ластайды да қыздыру беттерінің жылу беруін нашарлатады әрі қазандықтың аэродинамикалық кедергісін арттырады. Ұшпа күлдер қазандық түтіктері мен түтін тартқыш құбырларын үйкелеп мүжиді және түтінмен бірге сыртқа шығып, қоршаған ортаны ластайды. Күл құрылыс материалдары өндірісінде бетонның кейбір түрлерін дайындауға, а. ш-нда тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Көмір Күлінен сирек кездесетін элементтер (галлий, германий) алынады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |