Мазмұнға өту

Кіші шыбыншы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кіші шыбыншы

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Chordata
Табы: Aves
Сабы: Passeriformes
Тұқымдасы: Muscicapidae
Тегі: Ficedula
Түрі: F. parva
Екі-есімді атауы
Ficedula parva
(Bechstein, 1792)
Ficedula parva

Кіші шыбыншы (лат. Ficedula parva) – Торғайтәрізділер құстар отрядының шыбыншылар тұқымдасына жататын негізгі туысы біздегі шыбыншылардың ең кішкене шағын денелісі (сегіз-тоғыз немесе он г). Аталықтарды алқымы мен төсінің тат түстер қызғылтсары түсі, ұшы – қара, ақ реңді құйрығы бойынша жақсы танып білуге болады. Аналығының құйрық ұшы – қара, құйрығы – ақ болып келеді. Сібір және Еуропа ормандарында қоныстанады, ал Азияның оңтүстік өңірлерінде қыстайды. Қазақстан аумағынан көктемде және күзде ұшып өтеді. Әсіресе кішкене шыбыншылардың көпшілігі Жайық аңғарымен және Маңғышлақ арқылы ұшады. Арал маңы мен Сырдария аңғары бойында олар аз болады, ал шығысқа қарай тек қана кездейсоқ жарым және жартылары кездеседі. Қазақстан аумағында көктемде – сәуірде, күзде – тамыз немесе қыркүйек және қазан айларында кездеседі. Бұл құс Қазақстан аумағын белгілі бір уақытта ғана кесіп өтеді.

Құстар энциклопедия

  1. BirdLife International Ficedula parva. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2013). Тексерілді, 26 қараша 2013.