Конкур

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сайысқа қатысушы ат

Конкур (фр. concours hippique — атты жарыс) — әртүрлі кедергілерден өтетін конкур алаңында өткізілетін жарыс.

Сайыстың мақсаты.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қатысушылардың бірі
  • 1) Кокуршылар аттың үстінде кедергілердің белгілі бір бағанымен жүріп өтеді.
  • 2) Бір жарыста ерлер және әйелдер сайыса алады.
  • 3) Салт атты барлық кедергілерді дұрыс ретпен өтуге және олардың бір де біреуін аударып кетпеуге тиіс.
  • 4) Егер бірнеше конкуршы барлық кедергілерден сәтті өтетін болса, мұндай жағдайда жеңімпазды анықтаудың екі тәсілі бар. Не шеңберді аз уақытта жүріп өткен салт атты ұтады, не салт аттылар тағы бір айналым жасайды. Екінші жағдайда салт аттылар бұрынғыдан азырақ кедергілерден секіреді, ал ойынның өзі уақытпен жүреді.

Секіруге арналған алаң

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Конкурға арналған алаңда әртүрлі 13 кедергі болуы ықтимал. Бөренелер - аттың секіруін ұзартатын, бірінен кейін бірі орналасқан және бағандарға бекітілген екі қададан тұратын кедергілер. Су кедергісі толтырылған арықты білдіреді. Ат секіру уақытында суға тимеуге тиіс.

Шеңберден өту

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сайыс кезінде

Салт аттылар кедергілерді мұқият артта қалдыруға тиіс. Егер ат шарбақты аударып кететін болса, оның алдынан тоқтайды (бұл бас тарту деп аталады) немесе кедергінің жанынан шауып өтеді, салт атты айып ұпайларын алады. Салт атты аттан құлап қалса, жарыстан шағарылады, дұрыс жолмен жүрмесе не бастау сызығын немесе мәре сызығын кесіп кетсе, екі "бас тарту" алады.

Пайдаланылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Алматыкітап баспасы 2013 "Балаларға спорт жөнінде энциклопедиясы" ISBN 978-1-4053-6850-6 УДК 373 ББК 74.200.55 Б 22