Колхоз
Көрініс
Мына мақаланы не бөлімін Ұжымшар дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Колхоз[1] - Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында пайда болған ұжымдық шаруашылық - өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық, меншік және ұжымдық еңбек негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін шаруалардың ерікті түрде бірігуі жолымен құрылған кооперативтік шаруашылық.
Негізгі формалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жерді бірлесіп өңдеу серіктіктері
- Ауыл шаруашылық коммуналары
- Ауыл шаруашылық артельдері
Қазақстандағы алғашқы колхоздар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда коллективтік шаруашылықтар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында -ақ пайда болды.
- 1917 жылдың аяғында 1918 жылдың басында Орал облысы(қазіргі Батыс Қазақстан облысы) Орда кентінде жергілікті халықтың инициативасымен тұңғыш ауыл шаруашылық артелі құрылды.
- 1918 жылы Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында "Дала" атты тұңғыш коммуна құрылды.
- 1919 жылы Астрахан өлкесінің қазақтар тұратын бөлігінде жерді бірлесіп өңдеу серіктіктері құрылды.
Алғашқы құрылған колхоздар өте ұсақ болды, әр колхозға орта есеппен 11 щаруашылықтан, ал егіс көлемі 42 га-дан келді. Қазақстан колхоздары КОКП ОК-інің 1982 жылғы пленумында қабылданған "Азық-түлік программасын" жүзеге асыруға ат салысты.
Колхоз жарғысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1935 жылы колхозшылардың Бүкілодақтық 2-съезінде ауыл шаруашылық артелінің Үлгі Уставы қабылданды.
- 1969 жылы колхозшылардың Бүкілодақтық 3-съезінде ауыл шаруашылық артелінің Үлгі Уставы қабылданды.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы -1987.