Керинчи
Керинчи тауы Индонезиядағы ең биік жанартау болып табылады. Керинчи тауы Индонезиядағы орталық-батыс Суматраның Пегунунганда аймағында орналасқан.
Бұл жердің өзіне тән ерекшелігі - қоршалып тұрған бассейннен 2400-3300 м биіктікте орналасқан емен ағаштарының орманы бар. Керинчи тауының маңы Ұлттық саябақ болып табылады. Керинчиға Керсик То елді мекені арқылы көтерілуге болады. Керинчи жыл сайын атқылап тұратын басқа индонезиялық жанартаулармен салыстырғанда белсенді жанартау болып табылады.
Керинчи соңғы рет 2004 жылы атқылаған болатын. Тау басынан 1000 м биіктікке таралған күкіртті түтіннен тұратын бұлттар шыққан. Жанартау әлі күнге дейін атқылауда.
Саябақта әлемге танымал ең ірі гүлдер өседі. Олардың қатарында адам шошырлықтай ірі, паразит болып табылатын қызыл гүл Рафлезия Арнольди және биіктігі 2 м болатын алау іспетті Аморфоппалус Титанум гүлі де бар.
Ол жерден түрлі құстарды тамашалауға болады.
Керинчи тауында мүйізтұмсықтар, жолбарыстар, пілдер, аюлар мен жабайы жануарлар кездеседі. Керинчи тауы шыңының биіктігі 3805 м-ді құрайды. Ол - Ириан-Джая Пунсак Джаявиджаядан кейінгі Индонезиядағы ең биік екінші тау.
Аталған тау батыс жағалауға таяу Пенинунгуан Букит Барисанда, аралдың батыс орталық бөлігіндегі Джамби провинциясында орналасқан. Керинчиге жеңіл көлікпен Падангтан 6-7 сағат уақытта Керск Туо елді мекені арқылы көтерілуге болады.
Керинчи алғаш рет 1934 жылы атқылаған болатын.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.