Мазмұнға өту

Кастор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

КасторЕгіздер шоқжұлдызындағы 1,6-визуаль жұлдыздық шамада жалтырап көрінетін жұлдыз.

Жарқырауы Күннің жарқырауынан 34 есе артық, Күннен қашықтығы 14 парсек. Ежелгі грек мифологиясында егіз Диоскуровтардың бірінің атымен аталған. Кастор – Босағаны құрайтын 4 жұлдыздың біреуі.[1]

Кастор күрделі жұлдыздар жүйесі болып келеді. Ол үш қосаржұлдыздан, яғни жалпы алты жұлдыздан тұрады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том