Кар теңізі
Көрініс
Кар теңізі орыс. Карское море | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 893 400 км² |
Көлемі | 101 000 км³ |
Тереңдігі | 620 м |
Орташа тереңдігі | 50—100 м |
Орналасуы | |
74°49′55″ с. е. 71°18′43″ ш. б. / 74.8319° с. е. 71.3119° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 74°49′55″ с. е. 71°18′43″ ш. б. / 74.8319° с. е. 71.3119° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Кар теңізі Ортаққорда |
Кар теңізі — Солтүстік Мұзды мұхиттың Еуразия жағалауындағы шеткі теңізі. Жаңа Жер, Франц-Иосиф және Солтүстік Жер аралдарының аралығында. Теңіз Кара қақпасы мен Маточкин Шар бұғаздары арқылы Баренц теңізімен, Вилькицкий, Шокальский бұғаздары арқылы Лаптевтер теңізімен байланысады.
- Ауданы 883 мың км², су көлемі 98 мың км³, орташа тереңдігі 111 м, ең терең жері 620 м. Әулие Анна шұңғымасы құрлықтық қайраңда жатыр. Ұсақ аралдар көп (Ушаков, Визе, Известия ЦИК, Арктикалық институт, т.б.).
- Судың беткі қабатының температурасы көпшілік бөлігінде жыл бойында 0 °С маңында, оңтүстік бөлігінде ғана жазда 3 – 6 °С-қа дейін көтеріледі. Жыл бойы дерлік түгелдей қатады, жазда да мұздан толық арылмайды.
- Тұздылығы солтүстігінде 33 – 34‰, оңтүстігінде, өзен сағаларына жақын маңда 10 – 12‰.
- Толысу жарты тәулік сайын қайталанады. Балық ауланады (нәлім, сиг, камбала тұқымдастары). Кара теңізі Солтүстік теңіз жолының бір бөлігі. *Басты порты – Диксон.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |