Мазмұнға өту

Канопус

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Канопус

КанопусКөрнеулік жұлдыздық шамасы 0,75-ке тең аспан әлеміндегі екінші жарық жұлдыз. Мүлделік жарқырауы (Мүлделік жұлдыз шамасы -5,33) күн жарқырауынан 14000 есе артық, өте жарық болғанымен, жер шарынан қашықтығы 310 жарық жылы болғандықтан, ол Сүмбілеге (жерден қашықтығы 8.6 жарық жылы қашықтықта) қарағанда жер бетіндегі екінші жарық жұлдыз болып көрінеді. Канопус Ғ түріндегі аса жойқын алып жұлдыз есептеледі. Ол көбінесе оңтүстік жарты шардан толық көрінеді.[1]

"Canopus" сөзінің келу қайнары туралы Richard Hinckley Allen өзінің «Жұлдыз аттары: олардың мағынасы мен мәні»《Star Names: Their Lore and Meaning》кітабында екі дерек айтады. Бірі, Троя соғысы ертегісімен байланыстырады. Екіншісі Египеттің Kahi Nub тілінде бұл сөз "Алтын шар" дегенді білдіреді делінген. Ніл өзенінің сағасында күйреген Египет порт қаласы Канопус (Canopus) деп аталған. Ол Ніл өзені соғысы болған жер есептеледі.

Қазақстан жерінде бұл жұлдыз негізінен көрінбейді.

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том