Мазмұнға өту

Иінағаш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Иінағаш – иыққа салып су тасуға арналған имек ағаш.


Оны әпкіш, иық ағаш, мойын ағаш деп те атайды. Ұзындығы 2 – 3 құлаш, жуандығы 2 – 3 елідей берік ағаштан жасалып, ұшына темір ілгек тағылады. Жас тал, қайыңды сәл иіп немесе имек өскіндерінің иыққа келетін тең ортасын жалпақ етіп, ал екі иінін жұмырлап жонады да, екі ұшына байланған 2 – 3 қарыс ұзын сымға не қайысқа шелек ілетіндей темір ілгек орнатады. Тұрмыста қолданылатын ең қарапайым құралдардың бірі. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том