Иремел

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Иремел
башқ. Ирәмәл
Сипаттамасы
Пайда болған кезеңі

ежелгі

Биіктігі

1582 м

Орналасуы

54°32′00″ с. е. 58°50′20″ ш. б. / 54.53333° с. е. 58.83889° ш. б. / 54.53333; 58.83889 (G) (O) (Я)Координаттар: 54°32′00″ с. е. 58°50′20″ ш. б. / 54.53333° с. е. 58.83889° ш. б. / 54.53333; 58.83889 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Ресей
, Башқұртстан

Иремел (Башқұртстан)
Иремел
Ортаққордағы санаты

Иремел (башқ. Ирәмәл) — Оңтүстік Оралдағы екінші үлкен шың, Башқұртстанның Белорет ауданының солтүстік-шығысында орналасқан, солтүстік-батыс беткейлері Челябі облысының шекарасында.

Шыңның атауы өте көне, бір мағыналы этимологиясы жоқ, оны қайтадан башқұрт және моңғол тілдерінен жаңғыртқан.

Башқұрт тілінде атауға жақын дыбысталатын сөздер бар, мысалы, эремелек, эреме — «қалың бұталар мен ормандар алып жатқан өзен бойындағы батпақты жолақ», ирем — «өзеннің тік бөлігі». Олар Иремел өзенін жақсы сипаттауы мүмкін. Өзен де, тау да ортақ тау торабы (сілемі) Иремелдің атауымен аталған болуы мүмкін[1].

Сондай-ақ башқұрт және моңғол сөздерінің бірігуінен қайта құрайды: ир — «еркек», «ер» және эмел — «ертоқым», «ашамай», «қайқы бел». Иремел шыңы дәу ертоқымға ұқсайды[2].

Жаңа зерттеуде Иремел оронимінің пайда болуы қола дәуірімен байланысты және үнді-иран тілдерінен қайта қалпына келтірілді. Этимология ежелгі үнді сөздерін үйлестіру арқылы түсіндіріледі: irā - «жел» және mauli - «төбе», бұл «желдердің төбесі» дегенді білдіреді (Воронков А. А. Ардви авесталық өзенінің бастауы жайлы")[3].

Тау Орал тауларының ең кең таулы жүйесі болып саналатын Оңтүстік Орал аймағында орналасқан, Иремел биіктігі 1600 метрден асатын ең биік жергілікті шың Ямантаудан сәл аласалау.

Координаттары:

  • 54º31'200" солтүстік ендік;
  • 58º50'552" шығыс бойлығы.

Бүкіл аймақ күрделі рельефпен және әртүрлі биіктіктегі жоталардың болуымен ерекшеленеді. Тау кварц құмтасынан тұрады, көлбеу беткейлерімен кең террастарымен ерекшеленеді. Ең биік нүктелерде жартасты алқаптар, шыңдар мен беткейлерде тастан жасалған шөгінділердің кең аймақтары - курумдар (жартастардың сынықтары, тастар ) пайда болды. Жалпы тау массивіне рельефтің дөңгелек контурлары тән.[4]

Тау етегінде өзендер бастау алады: Үлкен Авняр, Тыгын, Карагайка, Синяк, және оның маңында Ақеділ өзенінің бастауы бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Иремел бұлақтарынан шыққан су емдік қасиетке ие, ұзақ уақыт бойына қуат беріп отырады. Иремел тауы 1965 жылы республикалық маңызы бар табиғи ескерткіш мәртебесін алды. Оның жалпы ауданы 5980 гектар.[5]

Биіктік белдеулер және жергілікті климат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тау белдеуінде қылқан жапырақты ормандар басым. 1100 метр белгіге дейін үлкен ормандармен бар, әрі қарай, тау бөктерінің белдеуі басталады, ол көптеген тас шөгінділерімен сипатталады.

Ауданның климаты континенталды және қоңыржай үйлесімділіктен тұрады, сондықтан ол қыстың суық және жаздың ыстық болуымен сипатталады. Қыс қарашадан наурызға дейін созылады. Ол жоғары қар жамылғысымен және температураның тұрақты ауытқуымен сипатталады. Азия антициклонының және Сібірдің аязының кейде күрт соғуы салдарынан сол күні температура 10°C-қа секіруі мүмкін. Қыс айларында әрдайым күн ашық болады, бірақ мұнда қарлы боранар да болып тұрады, әсіресе олар ақпан айының бастап екі аптаға дейін созылуы мүмкін. Қаңтарда орташа температура -17°C құрайды. Суық ауа-райы қатты жауын-шашынмен және тұманмен бірге жүретін күрт ерумен алмастырылуы мүмкін. Қар қазан айында жауып, биіктігі 60-80 сантиметрге жетеді.

Көктем сәуір айында келеді және мамыр айының соңына дейін созылады. Сәуір айының ортасында қар жамылғысы еріп кетеді, бірақ кейде мамыр айына дейін сақталуы мүмкін. Маусымнан тамызға дейінгі жазғы кезеңде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Климаттық жаз күнтізбеге толығымен сәйкес келетініне қарамастан, орташа температура 20°C-тан көп аспайды. Күз өте қысқа және қыркүйектен қарашаның басына дейін созылады. Бұл кезеңде бұлтты ауа-райы және желдің қатты екпіні болатын суық мезгіл болады. Қыркүйек айында таң мезгілінде аяз болып, ылғалдылығы төмен болады.

Иремел тауы мен Оңтүстік Оралдың бүкіл аумағында жауын-шашын жылына 800 мм-ге дейін түседі, әр аймақтарында біркелкі емес. Мысалы, батыс беткейлерде 650 мм, ал шығыс беткейлерде тек 400 мм жаууы мүмкін. Бұл беткейлердің орналасуына байланысты: батыста олар жел жағында, ал шығыста — ық жағында. Жауын-шашынның негізгі мөлшері жазда түседі, қыста тек 25%.

Ал таудағы ауа-райы тұрақсыз. Жел көбінесе жаңбырлы бұлттарды әкеледі. Қыста ашық аспан жарты сағат ішінде қатты боранмен ауыстырылуы мүмкін. Иремел тауындағы қар кейде шілдеде жауады, бірақ ол ұзақ жатпайды және тез ериді.[6]

Флорасы мен фаунасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орал таулары көптеген жануарларға бай. Жергілікті флора да жақсы дамыған. 250-ден 650 метрге дейін ормандар бар, оларда көптеген қылқан жапырақты ағаштар өседі. Мұнда көптеген қарағайлар тұқымдасы түрлері өседі. Солтүстік бөлігінде шыршалар, қайыңдар, қарағайлар өседі. Таулы ормандар 1000 метрден 1500 метрге дейінгі аумақты алып жатыр, етегінде самырсын, шыршалар өседі. Араларынан көптеген саңырауқұлақтар түрлерін кездестіруге болады.

Ормандарда түлкі, қасқыр, сілеусін, суыр, аюларды, және маралдарды кездестіруге болады. Тиіндер, кірпілер, жертесерлер басқа да кеміргіштер көп. Жорғалаушылар арасында жыландар ерекше көзге түседі - қауіпті және улы жыландар, сонымен қатар зиянсыз жыландарда бар. Құстар әлемі де алуан түрлі. Мұнда меңіреу құр, құр, шұбарқұр, торғайлар мекен етеді.

Иремел туралы қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жергілікті халық тауды қасиетті деп санайды (негізінен башқұрттар арасында).
  • Бұл планетадағы ең ежелгі таулардың бірі.
  • Таудың жанында ежелгі адамдардың, соның ішінде тұрмыстық заттардың іздері табылды
  • Көпшілік Иремелді жаман әдеттерден арылатын емдік тау деп санайды.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Горный массив Иремель | Русское географическое общество. www.rgo.ru.(қолжетпейтін сілтеме)
  2. Географические названия Южного Урала  (орыс.).(қолжетпейтін сілтеме)
  3. Воронков А. А. Об истоках авестийской реки Ардви. — 2013.
  4. https://uraloved.ru/mesta/bashkiriya/gora-iremel Иремель - священная гора Башкирии
  5. https://www.tourister.ru/world/europe/russia/city/beloretsk/mount/32797 Гора Иремель
  6. https://wikiway.com/russia/gora-iremel/ Гора Иремель
  7. https://travelask.ru/articles/gora-iremel-udivitelnaya-vershina-bashkortostana Гора Иремель — удивительная вершина Башкортостана