Мазмұнға өту

Есірткілер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Героиннің үлгісі
Марихуана

Наркотик ( гр. ναρκωτικός — естен айырылу) — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады.[1][2]

Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор[3], семена эклаты и мака[4][5] тамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген.

Аталмыш терминнің мәні XX ғасырда кеңiдi[6]. Алдыңғы уақыттарда «наркотик» деген мағынаны беретін сөз, уақыт өте көпмағыналы бола бастады[7].

Көп жағдайларда медицинада және юриспруденцияда «наркотик» ұғымы толық бір мағынаны бере бермейді. Бұл салаларда барлық заңсыз және жүйке жүйесін уландыратын химиялық өнімдер, наркотик ұғымына қосылады. Мысалы, Канада және АҚШ елдерінде есірткі қатарына кокаин, каннабис және опиоидтар жатқызылған. Мағыналық жағынақ келіспеушіліктер көп болғандықтан, бұл анықтаманы олық өзіне сәйкес мағынасында атаған жөн.[1][2]

Қазіргі уақытта наркотик айналымы барлық елдерде шектеулі. 2009 жылдың бірінші қарашасының тіркеуіне сәйкес, 1972 жылы наркотикка қарсы өткіщілген жиынның келісімінде 186 ел қосымшалар енгізген, бұл бүкіл әлемдегі елдердің 96% - ын құрайды. Оның арасында 184 ел 1961 жылғы келісімнен бері өз үлестерін қосып келуде. Ауғаныстан және Чад елдері 1961 жылғы келісімге қана қосылған. Сондай – ақ 1961 жылғы келісімге сегіз ел өкілдері қосылмады. Олар: Экваторлы Гвинея, Тимор-Лешти, Вануату, Кирибати, Науру, Кук аралдары , Самоа және Тувалу.[8]

Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сәйкес

Наркотик — ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі.[1][2]

БҰҰ – ның анықтамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1961 жылғы біртұтас келісім отырысында БҰҰ «наркотик» ұғымының толық мағынасын анықтады:

I және II тізім қатарына кіретін барлық өнім түрлері – есірткі атауының құрамына кіреді.[9]

Алайда әлемнің көптеген елдерінде наркотик ұғымына жататын өнімдерді 1961 жылғы келісімдегі бекітуге сәйкес анықталуда. Айта кететін жайт – I және II тізім қатарына героин, каннабис, дезоморфин және кетобемидон жатқызылды.

Ресейде «наркотик» ұғымына келесідей анықтама қойылған:

Есірткі – Ресей Федерациясының қатаң тексерісіндегі және 1961 жылғы келісімнің тармақтарына сәйкес, синтетикалық, өсімдіктер немесе жүйке жүйесіне әсер ететін өнім түрі.[10]

АҚШ-ның кодексіне сәйкес[11], «наркотик» (ағылш. narcotic drug) ұғымына опиум, кокайн және опиаттар жатады делінген. Есірткі келесідей күйде кездеседі:

(A) Препаратты терiс пайдалануына үлкен мүмкіншілік бар (ағылш. The drug or other substance has high potential for abuse).
(B) Препаратпен АҚШ-та емделу тұрпатында ешқандай рұқсаты жоқ (ағылш. The drug or other substance has no currently accepted medical use in treatment in the United States).
(C) Дәрігерлік бақылау болған кезде де, тәуекелдік қарапайым нормаларды асып түседі (ағылш. There is a lack of accepted safety for use of the drug or other substance under medical supervision).

Ғылыми анықтама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Наркотик» деп келесі белгілерге сәйкес келетін өнімдерді атайды:

  • Дәрiгерлiк белгi — орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрігерлік рұқсаты жоқ өнім.
  • Әлеуметтiк белгi — алып келетін зақымы үлкен көлемді немесе әлеуметтіктүрде болатын дәрігерлік емес өнім.
  • Заң белгiсi — есiрткi заттардың тiзiмiне кірген өнім.

Бүкіләлемдік деңсаулық сақтау ұйымының анықтамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жүйке жүйесіне әсер ететін кез-келген өнім — психобелсенді болып табылады.[12]

Тұрмыс мән

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудармалы мағынада «наркотик» деп үнемі қолданбаған жағдайда жүйкелей тұрақсыздықты алып келетін кез келген өнімді айтуға болады. Сонымен қатар ешқандай себепсіз ашулануға алып келетің, мастықты шақыратын адам деңсаулығына зияны мол өнім.

Никотині бар темекі

Көптеген салауатты өмір салтына деген ұстанымы мықты адамдардың есірткіге қарсылығы, оның алып келетін зардабына тікелей байланысты. Ішімдік және құрамында никотині бар өнімдер жеке бас деңсаулығына ғана емес, қоршаған ортаға, әлеуметке деген үлкен қиянат. Бұқаралық ақпарат өкілдерінің көбісі ішімдік пен никотинді «наркотик» қатарына жатқызатыны құпталады.

Есірткілер классификациясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Есірткі келтіретін зардабына сай ауыр есірткілер және жеңіл есірткілер болып екі топқа бөлінеді. Ал жүйкеге алып келетін зардабы синтетикалық, жартылай синтетикалық және өсімдік түрлі болып үшке бөлінеді.

Есірткілердің заңнамалық классификациясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресейде есірткілерді тексеру келесі төрт нысан бойынша жүзеге асырылады:

  1. Айналымына тыйым салынған есірткілер мен жүйкеге әсер еткіш өнімдер: гашиш, героин, метаквалон, метилфенидат және т.б.
  2. Есірткелік өнімдер: амфетамин, кодеин, кокаин, морфин, кетамин және т.б.
  3. Айналымыны шектеу бар жүйкеге әсер еткіш өнімдер: декстрометорфан, тарен және т.б.
  4. Жүйкеге әсер еткіш өнімдер өндірген кезде, белгілі есептеу және ақылау шаралары жүретін өнімдер: эфедрин, нитрометан, толуол және т.б.[13]

Әсер ету тетігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлық есірткілер тура немесе жанама түрде постсинаптикалық нейрондардың құрамындағы дофамин немесе серотонин сияқты нейромедиаторлардың ағындарын 5 – 10 дейін жоғарылатып, миды улауға арналады.[14][15][16] Нейромедиаторлардың ағындарының жоғарылауы оқу, білім алу процесіне әсер етіп, адамда уақытша рахаттану сезімін тудырады.[17] Нейробиологиялық тәжірибелер қарапайым жағымды жаңалықты еске алу,[18][19][20] дофамин нысанын жоғарылатуға мүмкіндік береді.[21] Алайда есірткіні қабылдаған нашақор дофамин құрамын күрт азайтып тек «жалған рахаттануды» жасанды әдіспен алып жатқанын біле бермейді.[14] Егер есірткіні қабылдау жиілеп кетсе, дене мүшелері «жаңа қалыпқа» бейімделіп, соңында қауіпті залал тигізуі мүмкін.

Есірткіге тәуелділік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Есірткіні жиі қолданатын адамдарда уақыт өте тәуелділік пайда болады. Әдетте бұл тәуелділік екіге бөлінеді:

  • Жүйкелік
  • Физикалық

Есірткіні алғаш қолдану кезінде нашақорда тек жүйкелік тәуелділік пайда болады. Кейіннен ол физикалыққа ауысады. Физикалық тәуелділік қолданылатын өнімге және қолдану мерзіміне байланысты түрлі болады.

Психикалық тәуелділік есірткіні қолданылмау уақыты ұзақталған жағдайда көңіл – күйдін төмендеуімен және есірткіні қолданған кезде рахаттану сезімі пайда болуымен көрініс береді. Уақыт өте есірткі жүйке жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін міндетті түрде қажет болатын өнім болып қалыптасады.

Физикалық тәуелділік есірткіні ұзақ уақыт аралығында қолданғандықтан, ағзаның жұмыс істеу режимі өзгеруінен туады. Егер есірткіні ұзақ уақыт қолданбаған жағдайда ағзаның функционалды жұмыс істеуі тоқтап, белгілі залалдарға алып келеді. Қатты физикалық тәуелділікті опиаттар мен барбитураттар алып келеді.

Есірткі нарығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Есірткі өнімдері сатылатын нарық қара нарық деп аталады. АҚШ, Канада, Бельгия, Чехия сияқты бірқатар елдерде марихуананы дәрілік тұрпатта қолдануға рұқсат етілген. Ал 2008 жылы есірткінің Нидерланд еліндегі бағасы келесідей болды:ref name="jellinek">jellinek.nl — Сколько стоят наркотики (нидер. Hoeveel kosten drugs)</ref>

  • гашиш граммы — 10 еуро
  • бір джоинт — 2-3 еуро
  • экстази дәрісі — 3-5 еуро дилерға және 10 еуро клубта
  • кокаинның 55 % граммы— 50-60 еуро
  • 5 л. GHB — 5 еуро
  • 10 мл. попперс — 12,5-15 еуро
  • героин граммы — 25-35 еуро

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c Lexicon of alcohol and drug terms  (ағыл.). World Health Organization. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 20 қараша 2010.
  2. a b c Термины по вопросам, связанным с зависимостью от алкоголя, наркотиков и других психоактивных веществ  (орыс.). Психологическая энциклопедия. Мир словарей. — перевод Lexicon of alcohow and drug terms от ВОЗ на русский язык.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 20 қараша 2010.
  3. J. Richard Stracke. The Laud Herbal Glossary.)
  4. Francis Edmund Anstie. Stimulants and Narcotics: their mutual relations — 1865.
  5. De Furore, cap VI  (лат.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, ???.
  6. Правительство РФ Постановление N 681  (орыс.). "Об утверждении перечня наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, подлежащих контролю в Российской Федерации" (30 маусым 1998 ж). Тексерілді, 18 қазан 2010.
  7. Значение слова Наркотик (Narcotic) орфографическое, лексическое прямое и переносное значения и толкования (понятие) слова из словаря Медицинский словарь
  8. Доклад Международного комитета по контролю за наркотиками 2009 ж.  (орыс.). PDF. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 12 желтоқсан 2010.
  9. Единая конвенция о наркотических средствах 1961 ж. с поправками, внесенными в неё в соответствии с Протоколом о поправках к Единой конвенции о наркотических веществах 1961 ж.  (орыс.) (pdf). ООН. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 18 қазан 2010.
  10. Федеральный закон от 8.01.1998 №3-ФЗ "О наркотических средствах и психотропных веществах"  (орыс.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 18 қазан 2010.
  11. Үлгі:Сілтеме
  12. Cловарь по естественным наукам. Глоссарий.ру(қолжетпейтін сілтеме)
  13. Постановление Правительства РФ от 30 маусым 1998 г. N 681 «Об утверждении перечня наркотических средств, психотропных веществ и их прекурсоров, подлежащих контролю в Российской Федерации» Мұрағатталған 13 қарашаның 2013 жылы.
  14. a b Мозг и наркотики. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011.
  15. Your Brain on Drugs: Dopamine and Addiction. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011.
  16. Dopamine - A Sample Neurotransmitter. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011.
  17. Ваш мозг во время секса. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011.
  18. It's all about dopamine. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011.
  19. Biology of Happiness. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011.
  20. The Dopamine Connection.(қолжетпейтін сілтеме)
  21. Dopamine and desire. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]