Мазмұнға өту

Естен тану

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Естен тану — қатты күюдің, қансыраудың, қатерлі басқалай дерттің, организмде қажетті су мөлшерінің жетіспеушілігінің немесе аса қатты аллергиялық реакцияның салдарынан болатын адам өміріне қауіпті құбылыс. Сондай-ақ естен тану жағдайын іштен көп қан кету де тудыруы мүмкін.

Естен танудың белгілері

  • Әлсіздік, тамыр соғысының жиіленуі (минутіне 100-ден астам соғу жиілігі);
  • Салқын тер шығу: көгіс тартып, мұздап, дененің тершуі;
  • Қан қысымының күрт төмендеп кетуі;
  • Ақыл-естің ауысуы; әлсіздік немесе талып қалу.

Естен тану жағдайын болдырмау немесе одан тез айықтырып алу үшін не істеу қажет? Естен танудың алғашқы белгілері немесе сондай жағдайдьң қаупі байқала бастағанда:

  • Сырқат адамды аяқ жағы басынан биігірек болатындай етіп жатқызу керек.

Ал сырқат адамның басы қатты зақымданған болса, оны жартылай отырған қалыпта жатқызған жөн.

  • Қандай да болмасын қан кетуді тоқтатыңыз;
  • Егер сырқат адам тоңып жатса, оны көрпемен қымтаңыз;
  • Егер сырқат адам су іше алатындай халде болса, онда оған бірнеше тамшы су, әйтпесе, басқадай сусын беріңіз, ал организмде су жетіспеушілігінің белгілері байқалса, сусынды көбірек беріп және регидрат сусынын ішкізіңіз;
  • Жарақат болса, онда жараға ем-дом жасап, таңып тастаңыз;
  • Егер сырқат адамның ауруы жанына қатты батып, мазасызданса, оған аспирин немесе дерт ауыртпалығын жеңілдететін (байыз таптыратын) басқа дәрі-дәрмек беріңіз, бірақ бүлардың құрамында тыныштандыру әсерін тигізетін кодеин тәрізді қоспалар болмауы керек.
  • Өзіңізді сабырлы ұстап, сырқат адамды демеп, көңілін көтеріңіз.

Сырқат адам ес-түссіз жатқан жағдайда:

  • Басын бір қапталға қырынан салып және артқа қарай сәл кегжитіңкіреп темен қаратып жатқызыңыз (жоғарыдағы суретке қараңыз). егер сырқат адам демі жетпей түншығып бара жатса, саусағыңызбен оның тілін тартып шығарыңыз.
  • Егер ол құсып жіберсе, дереу аузының ішін құсықтың қалдығынан тазалаңыз. Құсық өкпесіне кетіп қалмауы үшін басы жоғарыда айтылғандай жағдайда жатқанын қадағалаңыз (төмен, артқа қарай сәл шалқайтылып және қырынан салынған);
  • Есін жиғанша оның аузына ештеңе апармаңыз;
  • Егер осы сәтте маңайындағы адамдардың біреуі болмаса біреуі күре тамыр арқылы ерітіндіні жиі тамшылатып жіберу әдісін білетін болса, соны қолданыңыздар;
  • Сырқат адамға тезірек дәрігерлік көмек көрсету шарасын ұйымдастырыңыз.

Стоматология терминдерінің аудармасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Естен тану ( лат. syncope). Күтпеген жерден адамның есінен тануы. Мұнда ми-қан айналысы бұзылып, жауап реакциясы әлсірейді. Тыныс алу нашарлап беті қуқыл тартып, аяқ-қолы мұздайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  • Вернер Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!