Мазмұнға өту

Елтебер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Елтебер - Түрік қағанаты тұсындағы 28 дәрежелі әскери-әкімшілік шеннің ең төменгі лауазымы. Елтебер сөзінің этимологиясы жөнінде нақты дерек жоқтың қасы. Ол ел және тебер (немесе табар) создерінің бірігуінен жасалған туынды сөз болса керек. Қытай тарихшыларының пайымдауынша, елтебер, негізінен, қағанат аумағындағы ең шет аймақтарды билеуге жіберілген тұтықтардың қарамағындағы руларды басқаруға қойған әскери адамға берген шені. Елу жылдай Таң патшалығына бодан болған түріктердіңбасын қайта қосып, 682 жылы Екінші Шығыс Түрік қағанатын құрған Құтлұқтың қаған атағы елтеріс елді теру, жинау, басын құрау, нақтырақ айтқанда, елді ел етуші Құтлұқ қаған дегенді білдіреді. Осыған қарағанда, елтебердің дұрыс оқылуы - елтабар болса керек. Елтебер,негізінен, Түрік қағанаты тұсында қолданылған шен атауы. Түркеш, Қарлұқ, Қарахан, Қимақ, Қыпшақ және одан кейінгі мемлекеттік бірлестіктер тұсында кездеспейді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х