Мазмұнға өту

Дхаулагири

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дхаулагири тауы

Дхаулагири- «Ақтау» деген мағынаны білдіреді. Бұл Непалдың солтүстік орталығында орналасқан. Дхаулагири Гималайдағы ірі таулы массив болып табылады. Тау жотасы 46 шақырымға созылып жатыр. Дхаулагириге алғаш рет 1808 жылы батыстықтар көтерілді. Сол кезден бастап аталған тау әлемдегі ең биік тау ретінде танылған. Дхаулагири тау қырқасы 30 шақырымға созылып жатыр. Оның құрылымы түрлі жоталар және мұздықтармен ерекшеленеді. Дхаулагиридің биіктігі - 8167 м. Қазіргі кезде бұл тау әлемдегі ең биік таулардың қатарында жетінші орында тур. Дхаулагири Гималайдың бір бөлігін алып жатыр. Аталған тау маңызды туристік орталық болып саналатын Покхара қаласының солтүстік-батысында орналасқан. Дхаулагиридің маңында бірнеше тегіс алқаптар бар. Дхаулагири қырқасында бірнеше пирамида тәріздес шыңдар бар. Соның бірі — Кали Гандаки алқабы. Бұл алқап Дхаулагири мен Аннапурнаның арасында орналасқан. Ол қатар орналасқан тегіс алқаптардың ең үлкені болып табылады. 1950 жылы француз экспедициясының ұйғаруымен шығыс жақтағы алқап Кали Гандаки деп аталған. Аталған алқапта I Дхаулагири шыңы орналасқан. Ол әлемдегі ең биік шыңдардың қатарында алтыншы орынды иемденеді. Қазіргі уақытта Дхаулагири аймағында Джомсом әуежайы бар. Дхаулагириге Муктинатх сиынушылары жиі барады.[1]

Дхаулагири шыңдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Шың Биіктігі,
м
Бағындырылған жылы
1 Дхаулагири I 8167 1960
2 Дхаулагири II 7751 1971
3 Дхаулагири III 7715 1973
4 Дхаулагири IV 7661 1969
5 Дхаулагири V 7618 1975
6 Негізгі Чурен Химал 7385
7 Шығыс Чурен Химал 7371 1970
8 Батыс Чурен Химал 7371 1970
9 Дхаулагири VI 7268 1970
10 Путха Хиунчули 7246 1954
11 Гурья Химал 7193 1969

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.