Джонатан Айв
Джонатан Айв | |
Jonathan Ive | |
Айв 2012 жылы Британ империясының рыцарьға арнау рәсімінде | |
Айналысатын саласы: |
Apple компаниясының Дизайн директоры (CDO) |
---|---|
Туған күні: | |
Туған жері: |
Чингфорд, Үлкен Лондон, Ұлыбритания |
Азаматтығы: | Ұлыбритания АҚШ |
Марапаттары: | |
Джонатан Айв Ортаққорда |
Сэр Джонатан Пол «Джони» Айв KBE (ағылш. Jonathan Paul «Jony» Ive; 27 ақпан 1967 жылы туған, Чингфорд[en]) — ағылшын-американ дизайнер, Apple компаниясының дизайн бойынша директор (CDO). iMac, алюминий және титан PowerBook G4, MacBook, MacBook Pro (Unibody), iPod, iPhone, iPad дизайнері ретінде белгілі.
Биография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Джонатан Айв Лондон қаласының Чингфорд ауданында дүниеге келген, Эссекс графтығы, Ұлыбритания, ол өзінің балалық шағы сонда өткізген.
1985 жылы Ньюкасл политехникалық институтында (қазір Нортумбрийск университеті) дизайн және өнер саласын оқыды.
1987 жылы, ол Хизер Пеггке үйленді. Олардың екі егіз ұлы бар[1].
1989 жылы ол тарақтар мен сантехника дизайнымен айналысқан лондондық Tangerine Design фирмасысының иесі атанды.
1992 жылы, ол Apple Inc. дизайнері болу үшін Сан-Францискоға көшіп келді.
1997 жылы Роберт Бруннердің ұсынысымен оның орнын ауыстырады, енді ол Apple Inc. өндірістік дизайн вице-президенті болды.
1998 жылы бастапқы iMac ұсынды.
1999 жылы Apple iBook, 22" Cinema Display, PowerMac G4 Tower және iSub-ты ұсынды.
2000 жылы Apple G4 Cube іске қосты. Нортумбрия университетінің құрметті докторы атағын иеленді (Ньюкасл-апон-Тайн).
2001 жылы, Apple титан PowerBook G4 және портативті MP3-плеер iPod ұсынды.
2002 жылы шарнирлі 15" және 17" экраны бар жаңа iMac таныстырды. eMac, iMac нұсқасы арнайы білім беру саласында пайдалануға арналған.
2003 жылы, сол уақытта жеңіл және әлемдегі ең жұқа ноутбук, қалыңдығы 1 дюйм салмағы 6,8 фунт, 12" PowerBook және 17" PowerBook-ты ұсынады.
2004 жылы, қазіргі iPod mini және ультра жіңішке iMac G5.
2005 жылы Apple Inc. өнеркәсіптік дизайн аға вице-президенті болып тағайындалды Mac mini ұсынады.
2005 жылы Британ империясының орденімен (CBE) командирі болды.
2007 жылы AskMen еркектер басылымының 33 санында Топ-49 деп танылған. Жаңа аудио файлдан басқа қосымша бейнебаянды ойнататын iPod nano құрылғысын және сенсорлы экраны бар iPod touch-ты және iPhone смартфонын таныстырды.
2008 жылы шығарылған Pixar Studios үшін «ВАЛЛ-И» мультфильміндегі, негізгі кейіпкерлердің бірін — роботесса Еваны әзірледі.
2010 жылы планшетті компьютер iPad-ты ұсынды.
23 мамыр, 2012 Британ империясының орденінің кавалері қолбасшысы арналды (KBE), сэр атанды[2].
29 қазан 2012 Apple компаниясынан Скотт Форстоллдың кетуіне байланысты iOS ұялы жүйесі дизайнын дамытып келеді.
2013 жылы, ол барлық скевоморфизмі алып тасталған, жаңа iOS 7 дизайнын ұсынды.
Мойындалуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2005 жылдың қараша айында, The Sunday Times Айвты біздің заманымыздың ең ықпалды британдықтар тізіміне қосты:
2006 жылы, Apple тарихында ең маңызды іс-шараға Macworld журналы жүргізген дауыс беруде, 1992 жылғы Айвтың компанияға қосылу алтыншы орын алды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілетемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сэр Джонатан Айв: айЧеловек на сцене (орыс.)(рус.) — Перевод интервью для Evening Standard (март 2012)
- Документальный фильм Appleinsider.ru: Джонатан Айв. Дизайнер с большой буквы.
- ↑ «He is the quintessential designer. He knows more than anyone what we will have in our hands in five years» (1 мамыр 2007). Тексерілді, 7 мамыр 2010.
- ↑ Apple design chief Jonathan Ive is knighted (ағыл.). Би-би-си (23 May 2012). Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 желтоқсан 2012. Тексерілді, 18 желтоқсан 2012.