Деми Мур
Деми Мур | |
Demi Moore | |
Деми Мур, 2010 жыл | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Деметрия Джин Хармон |
Туған күні | |
Туған жері |
Розуэлл, Нью-Мексико, АҚШ |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1981 - осы уақыт |
IMDb |
Деми Мур (ағылш. Demi Moore, МФА [dəˈmiː ˈmɔːr]; шын есімі Деметрия Джин Хармон (ағылш. Demetria Gene Guynes)[1], қазіргі уақытта Деми Кутчер[2]; 11 қараша 1962, Розуэлл, Нью-Мексико, АҚШ) – америкалық актриса.
Балалық шақ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Деми Мур 1962 жылы 11 қарашада дүниеге келген. Оның әкесі, Чарьз Хармон, Деми туылмай тұрып, анасын қалдырып кеткен. Оның анасы мен жан күйеуі араққа бейім болып, Мур кішкентайында қиыншылықтарды бастан кешірген. 16 жасында модель агенттігіне барып жұмысқа тұрған, кейін актерлік карьераға жол ашады.
Мансап
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1982—1983 жылдары «Главный госпиталь» телесериалында алдыңғы рөлдердің бірін ойнайды. 1980 жылдары «Огни святого Эльма», «Во всём виноват Рио» және «По поводу того, что случилось вчера ночью…» фильмдерінде түсіп, 1988 жылы «Седьмое знамение» жобасында басты рөлді иеленеді. 1990 жылдарды Голливуд фильмдерінің арқасында 10 миллионнан астам қаражатқа ие болған ең бірінші актриса болды. 1997 жылы «Если бы стены могли говорить» телефильмінде түсіп, «Плтын глобус» жүлдесінің номинанты атанған болатын. 2000 жылдардан кейін «Ангелы Чарли: Только вперёд», «Бобби», «Кто вы, мистер Брукс?» және басқа да фильмдерде түсе бастайды.
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1980-1985 жылдары Фредди Мур атты рок-музыкантпен некеде болды. 1987-2000 жылдары Брюс Уиллистің әйелі болатын. Олардың үш қызы бар: Румер Гленн Уиллис (1988), Скаут ЛаРу Уиллис (1991) және Талула Бэль Уиллис (1994). 2005-2013 жылдары Эштон Кутчермен некеде болды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Demi Moore (ағыл.). Biography Channel. Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 ақпан 2012. Тексерілді, 10 сәуір 2011.
- ↑ RTÉ.ie Entertainment: Demi Moore changes name to Kutcher (ағыл.). Rte.ie (25 September 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 ақпан 2012. Тексерілді, 10 сәуір 2011.