Дао
Дао (қыт. жол) - Қытай философиясының ең басты ұғымы. Дао бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, әрбір бастаманың басы. Дао- әрбір қайталанбас сәттің нәрі. Дао Сезім арқылы тануға көнбейді, ол барлық жерде және еш жерде емес, түрсіз және ныспысыз. Заттар әлемі Дао Арқылы жасалып, өмір заңына бағынады, яғни өткінші: барлық заттар ұлы айналымда болады, кейіннен шегіне жетіп, қайтадан өзінің қайнар көзі Дао ға қайтып, содан жаңадан туылады. Авторлығы Лао Цзыға телінетін Дао-Дэ-Цзин (Дао және Дэ туралы кітап) заманынан бері Дао туралы түсініктемелердің өзі бес мың томға жуық болды.
Лао Цзы бойынша, Дао- мәңгілік, негізсіздік, қуыс сынды онтологиялық қасиеттері бар мейлінше кең шынайылық. Бірақ қанша тіл жетпес, түсініктен тыс болса да, ол Дэ арқылы көрінеді. Дэ дегеніміз - ізгілік, әділдік, асыл қуат. Дэ Даоның этикалық көрінісі ретінде адамның қоғаммен, табиғатпен және өз-өзімен қарым- қатынасын табиғи жолмен түзеуге бағытталған. Осы заңдылықтар бойынша, Дао мен Дэ «цзы жэнь» - табиғилық және «у- вэй» - әрекеттенбеу қағидаларын ұстанады. Демек, Дао Ғылыми ілімнен гөрі рәсімге ұқсайды. Бірақ қытайлықтар түсінігінше, Дао Рәсімге де, ырымға да жатпайды. Адамдар ақылгөйліктен бас тартып, әрбір заттың немесе құбылыстың табиғи болмысын таба білуге тиіс[1]
Кітаптар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Дао-Дэ-Цзин
- Тойота Дао
- Атжалманның Дао[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- ↑ Атжалманның Дао Мұрағатталған 30 наурыздың 2019 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |