Мазмұнға өту

Гэри Купер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Гэри Купер
ағылш. Gary Cooper
Сурет
Гэри Купер, 1936
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

ағылш. Frank James Cooper

Туған күні

7 мамыр 1901 (1901-05-07)

Туған жері

Хелена, Монтана, АҚШ

Қайтыс болған күні

13 мамыр 1961 (1961-05-13) (60 жас)

Қайтыс болған жері

Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актер

Марапаттары

«Оскар» сыйлығы (1942, 1953, 1961)

IMDb

ID 0000011

Гэри Купер (ағылш. Gary Cooper, толық есімі ағылш. Frank James Cooper, 1901 ж. 7 мамыр1961 ж. 13 мамыр) — жүзден астам фильмдерде ойнаған америкалық актёр, 1942, 1953 жылдары үздік ер адам рөлі үшін, ал 1961 жылы америкалық кино өнеріне қосқан үлесі үшін «Оскар» сыйлығын алды.

Монтана штатындағы ранчо иегері болған ауқатты отбасында дүниеге келіп, британдық жекеменшік мектепте білім алды. 1926 жылдан бастап мылқау кинода ойнайды, көбінесе вестерндарда, себебі атқа міну шеберлігі жоғары болатын. Купер ойнаған алғашқы дыбысты фильм Оуэа Уистердің аттас романы бойынша түсірілген «Виргинец» (1929) фильмі болатын. Бұл фильмде Купер өз сөздерін қысқа əрі үздік-создық түрде айтып, кейінірек бұл оның негізгі ерекшеліктерінің біріне айналды.

1930 жылдары Купер вестерндар мен шытырман оқиғалы фильмдерде ойнап, Кларк Гейблмен Голливудтың үздік актері атағы үшін бəсекелестікке түсті. Ел арасында оның Ингрид Бергман, Марлен Дитрих, Грейс Келли мен Патриция Нил секілді əйгілі актрисалармен романтикалық байланыста болғаны туралы өсек-аян жүрген болатын. 1942 жылы «Сержант Йорк» фильміндегі рөлі үшін өзінің алғашқы «Оскарын» алды.

Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде Купер оңтүстік-тынықмұхиттық фронтта жиі концерттер беріп тұрды. Америкалық солдаттардың арасында «Гордость янки» (1942) фильмі танымалдылыққа ие болды. Бұл фильмде Купер атақты бейсболисттің рөлін сомдаған болатын. Сол кезеңде сыншылар Купер тым көп фильмдерде ойнап, өз актерлік шеберлігін жоғалтуда деп шағымданатын.

Соғыстан кейін де Купер түсетін фильмдердің басым бөлігі вестерндер болды. Маккартизм кезеңінде оның көзқарасы басым түрде консервативті болып, əйелінің əсерінен Купер католицизмге көшеді. 1953 жылы «Ровно в полдень» атты фильмдегі рөлі үшін екінші «Оскарын» алды.

Өмірінің соңғы жылдарында Купер простата рагымен күресіп, өз диагнозын елге жаймауға тырысты. Өз уақытының басым бөлігін ол жақын досы Эрнест Хэмингуэйдің ранчосында өткізетін. Актердің өлімінен бірнеше ай бұрын оның досы Джимми Стюарт Купердың қолынан «Оскар» алып жатқан кезде оның ауыр халде екенін тұспалдап айтқан болатын. Əлем Купердің 60 жылдық мерейтойын тойлағаннан бес күннен кейін актер дүниеден өтті. Өлімінен екі күн бұрын ол «Мен білемін, бірнəрсе болып жатыр, бұл - Құдайдың қалауы. Мен келешегімнен қорықпаймын» деген болатын.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]