Глен-Мор
Глен-Мор ағылш. Glen More, шотл. Gleann Mòr | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 97 км |
Орналасуы | |
57°18′00″ с. е. 4°27′00″ б. б. / 57.3000° с. е. 4.4500° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 57°18′00″ с. е. 4°27′00″ б. б. / 57.3000° с. е. 4.4500° б. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Ұлыбритания |
Аймақ | Шотландия |
Тау жүйесі | Солтүстік-Шотланд таулы қыраты |
Глен-Мор Ортаққорда |
Глен-Мор (ағыл. Glen More, шотл. Gleann Mòr), сондай-ақ Грейт-Глен (ағыл. Great Glen) — Солтүстік-Шотланд таулар арқылы өтетін және солтүстік-батыс бөлік пен Грампиандық тауларға бөлетін тектоникалық ойпатта орналасқан, Ұлыбритания аралының солтүстігіндегі қысаң алқап. Алқап солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 97 км, Инвернесс қаласының маңындағы Мори-Ферт шығанағынан Форт-Уильямдегі Лох-Линн шығанағына дейін созылып жатыр. Шотландияның ең ірі ауданы Хайлендте орналасқан.
Алқаптың шеткі нүктелері мұздан шыққан көлдер Лох-Несс, Лох-Ойх және Лох-Лохидан өтетін кеме жүзетін Каледондық каналмен біріккен. Алқаптың оңтүстігінде Ұлыбританияның ең биік шыңы - Бен-Невис тауы орналасқан. Шотландиядағы 1715 жылғы якобиттердің көтеріліс бірнеше форттерді (Форт-Огастус, Форт-Джордж) еске салады. 2002 жылы алқапта Great Glen Way жаяу адам маршруты ашылды.