Гетит
Гетит – гидроксидтер тобының минералы. Химиялық формуласы FeO(OH), неміс ақыны В.Гетенің құрметіне аталған. Ромбылық сингонияда кристалданады. Бағана пішінді, шлактай кеуекті немесе топырақша үгілген агрегаттар түзейді. Жылтырлығы - күңгірттен алмастай жылтырлыққа дейін. Қаттылығы 4,5 – 5,5; меншікті салмағы 4,0 – 4,4 г/см3. Экзогенді минерал, темір кендерінің тотығу белдемдерінде түзіледі. Темір кентасы ретінде пайдаланылады.
Кристалдар және агрегаттар бейнесі. Сирек кездесетін кристалдар ине сияқты немесе бағана пішінді болады. Қоспақтары көбінесе ерітіндіден жиналған бүйрек тәрізді немесе сталактит формаларында, ал сынығы жіңішке сәуле сияқты және талшықты кұрылысты болып кездеседі; немесе тұтас тығыз, уақ кеуек тәрізді және ұнтақталған массалары да байқалады. Сонымен қатар оолит, ірі бұршақтай, конкреция және жеод түрінде де кездеседі.
Жылтырлығы күңгірт немесе металл тәріздес, жібек тәрізді, кейде қатқан шайыр сияқты. Түсі қоңыр, тотықты жоса сары, қара. Сызығы тотықты қоңыр, жоса сары.
Жаратылысы. Лимонит қаймақшадан бастап қалың қабатқа дейін әр түрлі формаларда кездеседі. Темірдің және басқа қоспалардың тотығу нәтижесінде пайда болады. Рудалы желілердің әр түрлі күкіртті минералдарының (пирит, халькопирит және басқа темірлі заттардың) табиғи өзгеруінен лимонит кендердің жоғарғы бетінде — тотығу зонасында пайда болады. оны «темір қақпақ» дейді. Бұдан басқа жер бетіндегі табиғи өзғеру әсерінен және сидериттен де лимонит шығады. Ақырында, лимонит батпақтардың және көлдердің түбінде әр түрлі темірлі ерітінділерден, кейде ерекше темір бактерияларынан жиналып тұнады.
Қолданылуы. Бұлар темір қорытуда және бояу жасауда негізгі руда болып есептелінеді. Бұлардың басқа темір рудасынан айырмашылығы сол, олар теменгі температурада тез балқып, жылдам қорытылады.
Кендері. Лимонит РКФСР-дің Еуропа бөлімдерінің көп жерлерінде, әсіресе Мәскеу түбіндегі аудандарда — Тула облысында Липецкіде, сондай-ақ Нижневолжск өлкесіндегі Урюпинск қаласының қасында (Хоперск кені) кездеседі. Лимониттін бірнеше кендері Уралда да белгілі. Оның ішіндегі ең маңыздысы — Злотаустан 60 км жердегі Бакальск, Алапаевск кендері; Синаро-Каменск, Комарово-Зигазинск аудандарындагы, Халилово ауданындағы қоңыр темір ішінде арнаулы болаттың түрін шығарғанда қосылатын Ni және Сr болады. Қазақстанда Аят кендері (Қостанай) тағы басқалары бар.
Лимониттің оолит түрлерінің ірі кендері — Қырымдағы Керченск. Осы кендердің негізінде үлкен Керч металлургиялық заводы салынған. Батыс Еуропадағы (Лотарингия және Люксембург) лимонитті темір рудалары өте ірі кендер болып табылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
- ↑ Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|