Мазмұнға өту

Вояджер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Вояджер ғарыш кемесі

Вояджер (ағылш. voyager, фр. voyageur — «саяхаттаушы») - 1977 жылы АҚШ-тан ұшырылған екі алып ғарыш кемелерінің атауы. [1] «Вояджер» - 23 ватты радиотасымалдау құрылғысын қолданады. Оның қуаты аз болғанымен, тың ақпарат алуға мүмкіндік беріп отыр. Ал радиотасымалдау құрылғысының жіберген ақпаратын Жердегі қуатты радиостанциялар қабылдап алады. Алып радиостанциялар үлкен антенналармен жабдықталған. Ал Жер мен Вояджердегі антенналар бір-біріне қаратылған.

2006 жылы 19 қаңтарда «Жаңа көкжиектер» атты алып ғаламшараралық станция Плутон мен оның табиғи серігі Харонды зерттеу мақсатында ұшырылған болатын. Аппараттың толық миссиясы 15-17 жылға есептелген. «Жаңа көкжиектер» Жерден секундына 16,26 шақырым жылдамдықпен ұшып кетті. Ал оның Күнге бағытталып ұшатын жылдамдығы секундына 45 шақырымға дейін жетеді. Бұл жылдамдық көрсеткішімен «Жаңа көкжиектер» ғаламдағы ең жылдам ғарыш аппараты атанған еді.[2].

Voyager зондының екі аппараты жылдамдық пен қашықтықты бағындыру бойынша жаңа рекордқа жетті. Олар Юпитер, Сатурн, Нептун ғаламшарларының суреттерін жіберіп, Күн жүйесінен тысқа бағытталып барады. 2014 жылдың 22 ақпанында «Вояджер-1» Жерден 19 миллиард шақырым алыста бара жатқан еді. Ал оның жіберетін суреттері бізге 10 сағатта жетіп келген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]