Мазмұнға өту

Вахта

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Вахта

Вахта (нидер. wacht — күзет, қарауыл) —

  • 1) әскери теңіз флоты кемелеріндегі кезекшіліктін ерекше түрі. Ол кемені және оның механизмдерін басқаруды, жағдайды бақылауды, қарсыластың тұтқиыл шабуылы кезінде қару қолдануды қамтамасыз ету мақсатында барынша қырағьшықты және поста тапжылман тұруды және кемеде тәртіп сақталуын талап етеді. Вахта кемелік, арнайы (әскери бөлімдер мен қызметтерде), зәкірлік, жүрмелі болып бөлінеді. Кемелік вахтаны вахталық офицер басқарады.
  • 2) Кемеде вахтаның бір ауысымы кезекшілік атқаратын уақыт аралығы.
  • 3) Кезекті наряд ауысымының құрамы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл