Бұқа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бұқа

Бұқа – мүйізді ірі қараның еркегі. Сиырға қарағанда Бұқа ірі, салмағы да едәуір ауыр, кеудесі кең омыраулы, мойны күжірейген жуан, басы үлкен, сүйегі ауыр әрі берік, терісі қалың, бөксе жағынан гөрі кеудесі жақсы жетілген, бұлшық еттері білеуленіп тұрады. Тұқымына қарай еркек бұзаудың жыныс қабілеті 6 – 9 айлығында жетіледі. Тез жетілгіш тұқымның Бұқасын 14 – 15, кеш жетілгіш тұқымның Бұқасын 16 – 18 айлығында табынға қосады. Табынға ерте түскен Бұқа нашар өседі әрі жыныс қабілетін ерте жоғалтады. Шаруашылықтар әр Бұқаны орта есеппен 6 – 8, кейде 12 – 14 жыл пайдаланады. Жас Бұқаны (2 жасқа дейінгі) айына 3 – 4 рет табынға қосады, не ұрығын алады да, одан әрі бірте-бірте жиірек пайдаланады. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылыққа тек табынды жақсарта алатын Бұқаларды ғана пайдаланып, оларды ерекше күтімге алады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы