Бұғаз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

A.
Керч бұғазы

Бұғазқұрлықтың екі телімін бөліп жатқан және жеке мұхиттар мен теңіздерді немесе олардың бөліктерін жалғастыратын айтарлықтай тар су кеңістігі. Әдетте, бұғазға өзіндік ерекше гидрологиялық жүргі (режім) тон.[1]

Бұғаз — құрлықты (мыс., екі құрлықты, арал мен құрлықты, екі аралды) бөліп, 2 су алабын немесе олардың бөліктерін жалғастыратын дүниежүз. мұхиттың енсіздеу бөлігі. Бұғаз мұхит пен мұхитты (Магеллан, Дрейк), теңіз бен теңізді (Босфор, Дарданелл), теңіз бен мұхитты (Гибралтар, Ла-Манш, Беринг), мұхит пен теңіздің жеке бөліктерін (Мозамбик, Солтүстік Кваркен) жалғастырады. Көл мен көлдің немесе көл бөліктерінің аралығындағы тармақты да (Мичиган мен Гурон к-дері аралығындағы Макинак бұғазы және Балқаш к-нің батысы мен шығысын байланыстыратын Сарыесік бұғазы) Бұғаз дейді. Бұғаздардың ұзындығы 1670 км-ге (Мозамбик Б-ы), ені 1120 км-ге (Дрейк Бұғазы) дейін жетеді. Көптеген Бұғаздар арқылы сауда және стратегиялық маңызы бар жолдар өтеді, мыс., Баб-әл-Мандеб, Гибралтар, Сингапур, т.б.[2]

Бұғаз — 1) құрлыктың қандай да бір телімдерін бөліп тұратын және көршілес екі су алабын немесе екі су алабының бөлімдерін қосып тұратын жіңішке су өңірі; 2) түріктілді халықтардың географиялық терминологиясында "асу", "тау өткелі", "шат" деген ұғымдарды береді. Бұғаз Қырым, Кавказ, Қазақстан, Орта Азия және соларға таяу елдердің көптеген географиялық атауларының құрамына енеді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
  2. Қазақ Энциклопедиясы
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6