Боло Йен
Боло Йен | |
Bolo Yeung | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Ян Сы |
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1970 — қазіргі уақытқа шейін |
IMDb |
Боло Йен – Қытай актері, культурист. «Айдахардың шығуы» кинофильмінде Боло рөлімен, «Қанды спорт» кинофильмінде Чон Ли рөлімен және «Қос соққы» кинофильмінде Мун рөлімен көпшілікке таныс.
1946 жылы 3 шілдеде Гуанчжоуда дүниеге келген. Өзге қытай балалары сияқты ол да жергілікті ұстаздан кунг-фуды меңгереді. Акробатикамен айналысып, ауыр салмақ көтеруге қызыққан.
1970-1980 жылдары Оңтүстік-шығыс Азияда кемподан (қол күресінен) чемпион болған.
«Winston» темекісінің жарнамасына түсіп жатқан кезінде Брюс Лимен танысады. 1973 жылы оны өзінің «Айдахардың шығуы» фильміне түсуге шақырады. Кейін бірнеше кунг-фу өнері көрсетілетін шытырман оқиғалы фильмдерге түседі. Ең атақтысы – америкалық Cannon Films киностудиясы шығарған «Қанды спорт» фильмі. Фильмде серіктесі Жан-Клод Ван Дамм болады.
2007 жылы оның соңғы әрі атақты рөлдерінің бірі АҚШ пен Қазақстан бірігіп түсірген«Жақын ұрыс» фильмі болатын.
2008 жылы киноны мүлдем тастап, Гонгконг дене тәрбиесі коммерциялық ұйымының төрағасы болып тағайындалады.