Бейонсе
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Бейонсе Beyoncé | |
![]() | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Толық аты |
Бейонсе́ Жизель Ноулз |
Туған күні |
4 қыркүйек 1981 (43 жас) |
Туған жері | |
Белсенділік жылдары |
1997 — осы уақытқа шейін |
Мемлекет | |
Мамандықтары |
Ән авторы |
Жанрлары | |
Лақап аттары |
Бейонсе́ немесе Саша Фирс |
Ұжымы | |
Қызметтес болған | |
Лейблдері | |
Марапаттары |
"Гремми" жүлдесінің 17 рет жүлдегері және 45 номинациясы иегері , сонымен қатар |
Ресми сайты![]() Бейонстың қолтаңбасы |


Бейо́нсе Жизе́ль Но́улз-Картер (ағылш. Beyoncé Giselle Knowles-Carter, көпшілікке Бейо́нсе деген атпен танымал; 4 қыркүйек 1981 жыл, Хьюстон, Техас, АҚШ) — R&B стиліндегі америкалық әнші, музыкалық продюссер, актриса, биші және модель.[1]
Кішкентайынан вокалды және би байқауларына қатысқан. Атақ-даңққа 1990 жылдары Destiny's Child тобының солисті болып ие болған. Сол кезде Survivor хитімен танымал болған. Топ мүшелері тарап кеткеннен кейін өзінің жеке альбомын шығарып, үлкен жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңдағы танымал әншілердің бірі, 17 Grammy сыйлығының иегері ,олардың 14-і жеке әнші ретінде , қалған ушеуі Destiny's Child тобының солисті ретіндегі жүлдесі. Актерлік мансабын 2001 жылы «Кармен: Хип-хопера» музыкалық фильміне түсумен бастайды. 2004 жылы House of Deréon атты отбасылық киім үлгілерін шығарады. Pepsi, Tommy Hilfiger, Armani және L'Oréal сияқты брендтермен келісімге отырған.2010 жылы Forbes журналының әлемнің ең беделділерінің 100 тізімінде 2 қатарды, сонымен қатар музыка әлемінің ханшайымына айналды. Time журналы да өзінің ең беделділерінің 100 тізімінде жариялады.
Дискография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Dangerously in Love (2003)
- B'Day (2006)
- I Am… Sasha Fierce (2008)
- 4 (2011)
- Beyoncé (2013)
- Lemonade (2016)
Синглдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жеке синглдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жыл | Сингл | Альбом |
---|---|---|
2003 | «Crazy in Love» (Jay-Z қатысуымен) | Dangerously in Love |
«Baby Boy» (Шон Пол қатысуымен) | ||
«Me, Myself and I» | ||
2004 | «Naughty Girl» | |
2005 | «Check on It» (Slim Thug қатысуымен) | #1’s |
2006 | «Déjà Vu» (Jay-Z қатысуымен) | B’Day |
«Ring the Alarm» | ||
«Irreplaceable» | ||
2007 | «Beautiful Liar» (Шакира қатысуымен) | |
«Get Me Bodied» | ||
«Green Light» | ||
2008 | «If I Were a Boy» | I Am… Sasha Fierce |
«Single Ladies (Put a Ring on It)» | ||
2009 | «Diva» | |
«Halo» | ||
«Ego» (ремикс Кани Уэст қатысуымен) | ||
«Sweet Dreams» | ||
«Broken-Hearted Girl» | ||
«Video Phone» (Lady Gaga қатысуымен) | ||
2010 | «Why Don't You Love Me» | |
2011 | «Run the World (Girls)» | 4 |
«Best Thing I Never Had» | ||
«Party»
(Andre 3000 қатысуымен) | ||
«Love on Top» | ||
«Countdown» | ||
2012 | «I Care» | |
«End Of Time» | ||
2013 | «XO» | Beyoncé |
«Drunk In Love»
(Jay-Z қатысуымен) | ||
2014 | «Partition» | |
«Pretty Hurts» | ||
«Flawless» | ||
«7/11» | ||
«Ring Off» | ||
2016 | «Formation» | Lemonade |
«Sorry» | ||
«Hold Up» | ||
«Freedom»
(Кендрик Ламар қатысуымен) | ||
"All Night " |
Турлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Dangerously in Love Tour (2003)
- The Beyoncé Experience (2007)
- I Am… World Tour (2009—2010)
- I Am… Yours (2009)
- The Mrs. Carter Show World Tour (2013—2014)
- Verizon Ladies First Tour (2004)
- On the Run Tour (с Jay-Z; 2014)
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бейонсе 2011 жылы өткен Bilboard журналының премиясында "Мыңжылдық әртіс" атағын алды. Ол музыкамен айналасқаннан бастап, 17 - Grammy сыйлығының иегері атанып қана қоймай, 45 - номинацияны жеңіп алды. 19 жасында өзінің бірінші жүлдесіне ие болды.
Фильмография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2001 жылы-«Кармен: Хип-хопера»
- 2002 жылы-«Остин Пауэрс: Голдмембер»
- 2003 жылы-«Борьба с искушениями»
- 2004 жылы-«Уход в чёрное»
- 2006 жылы-«Розовая пантера»
- 2006 жылы-«Девушки мечты»
- 2007 жылы-«Моя Ночь на Грэмми»
- 2008 жылы-«Кадиллак Рекордс»
- 2009 жылы-«Одержимость»
- 2009 жылы-«Wow! Wow! Wubbzy!»
- 2013 жылы-«Эпик»
Өнім және демеушілік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ноулз Pepsi компаниясымен 2002 жылы жарнамаға түсу бойынша келісім шартқа отырды. Кейін, барлық теледидардан, ғаламтордан жарнама көрсетілімге шыға бастады. Бір жағынан бұл компанияға индоссант ретінде, яғни демографиялық позицияны жақсарту үшін көмектесті. 2004 жылы Pepsi компаниясының "Гладиаторлар" атты жарнамасында Ноулз Бритни Спирс, P!nk, Энрике Иглесиас сынды әншілермен бірге түсті.
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2006 жылы қараша айында Ноулз 2000 жылы Destiny’s Child тобының келіспеушілігінен депрессияға түскенін мойындады. 2002 жылдан Ноулз рэпер Jay-Zмен бірге болатын. 2005 жылы жұптың неке құрайын деп жатқан сылтаулары таралды. Алайда екеуі бұны шындық екенін мойындамады. 2007 жылы қыркүйекте бұл тақырып қайта көтерілгенде, Jay-Z жауабы: «Былай айтсақ-мүмкін бұйырса» (ағылшын. One day soon — let's leave it at that). 2008 жылы сәуірдің 4-і екеуі Нью-Йорк қаласында үйленді. Бұл хабар қоғамға 22-ші сәуірде ғана белгілі болды. 2012 жылы қантардың 7-сі әнші қыз тапты. Есімі-Блю Айви Картер. 2017 жылы 12-ші маусымда егіздерді (ұл және қыз) тапты. Есімдері-Сир Картер мен Руми Картер.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![]() |
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Beyoncé Knowles |
- 4 қыркүйекте туғандар
- 1981 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша актрисалар
- АҚШ актрисалары
- Алфавит бойынша әншілер
- АҚШ әншілері
- Алфавит бойынша музыканттар
- АҚШ модельдері
- АҚШ бишілері
- АҚШ продюсерлері
- Грэмми сыйлығының иегерлері
- Меццо-сопрано
- BRIT Awards сыйлығының иегерлері
- Columbia Records орындаушылары
- Америкалық поп әншілер
- Billboard 200-де топ бастаған орындаушылар