Безе
Безе (фр. baiser) — бұлғанған жұмыртқа ақуызы мен қант қоспасынан пісірілген жеңіл пирожный және осы қоспамен дайындалатын басқа тағамдар.[1]
«Меренга» сөзінің шығуының түрлі тарихы бар. Солардың бірі меренгены Швейцарияның Майрингене қаласында итальяндық бас аспаз Гаспаринидің ойлап тапқандығын алға тартады. Совет және Француз ас үйлерінің тәттісі деп саналады.
Түрлі десерттердің үстіңгі бөлігі болып саналатын меренганың бірнеше түрі бар.
Дайындалуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Безе дайындалу жолымен ерекшеленеді. «Итальяндық меренганы» қайнатылған қант шәрбәтімен дайындайды, оны түрлі тәттілердің үстіне жағуға болады немесе өзін бөлек пісіруге болады. Ал «швейцариялық меренганы» алдымен бу моншасында шайқап алып, суытып, қайтадан шайқап, пеште пісіреді. Швейцариялық меренга «Павлова» тортын дайындау үшін жиі қолданылады. Ең жиі қолданылатыны – француздық безелер. Безені 80-100°С температурада ұзақ уақыт (1,5-2 сағат) пісіреді. Дайын безелер құрғақ, үгіліп тұруы керек. Безені тоңазытқышта сақтауға болмайды, жұмсарып кетеді, аузы жабық ыдыста құрғақ жерде сақтаған жөн.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.—Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |