Мазмұнға өту

Бауырмүк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қылқан жапырақты ормандардың топырағын түскен қылқандар мен майда бұтақтардан құралған қорда басып жатады. Қалың орманның арасында басқа шөптер аз болады. Дымқыл сайларда, тастардың және жартастардың араларында көптеген ескі заман өсімдіктері - мүктер (бауырмүктер), қырықбуындар, папоротниктер сақталып қалған.

Мүк (бауырмүк) ылғал топырақта мекендейді. Тянь-Шань ормандарында ерте заман мүктері өседі. Оның денесі жасыл түсті тақта сияқты болады да, орман топырағына төселіп жатады. Онымен бір кездерде адамның бауырын емдеген, сондықтан мұны бауырмүк (печеночник) деп атап кеткен.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары".Б. Муханов, Т.Мұсақұлов, Н. Суворов. Қазақтың Мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасы, Алматы. 1963