Мазмұнға өту

Батыс Гат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Гат
Батыс Гат ормандарында

Батыс Гат немесе Сахьядри - Үндістан түбегінің батысындағы тау жотасы. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 1800 км-ге созылған. Ең биік жері - Анаймуди тауы (2698 м). Батыс Гат жотасы, негізінен гнейс пен базальттан түзілген. Батыс беткейі Араб түбегіне біртіндеп сатылап түседі, ал шығыс беткейі көлбеу еңістеніп Декан таулы үстіртіне жалғасады. Климаты субэкваторлық-муссондық. Батыс беткейіне жылына 2000 — 5000 мм, шығыс бөлігіне 600 — 700 мм жауын-шашын түседі. Жылдық орташа ауа температурасы 32°С, кей жерінде 40°С-қа дейін жетеді. Батыс Гат тауын муссондық ормандар алып жатыр, мұнда пілдер көптеп кездеседі. Ормандардан тазартылған жерлерде күріш, мақта, кокос пальмасы, қант құрағы, темекі өсіріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы