Мазмұнға өту

Баст

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бастет

Баст немесе БастетЕжелгі Мысырдағы қуаныш , махаббат , жайдарлық пен шаттықтың , әйел сұлулығы мен шұрайлықтың , отбасы ошағының жебеуші әйелі . Мысықтың басы және адам денесімен бейнелеген . Ерте әулеттердің уақытында оны қаншыр түрінде де суреттеген.

Оның әкесі – Күн , анасы – ХатхорАй . Аспан тәңірі Нут – әуәнің жебеуші әйелі , оның әпкесі , ағасы – Хонсу . Күйеуі болса – Бес.

Басттың ғибадат ошағы – Бубастис қаласы . Бастеттің жоғарғы абызы Ур – Суну титулына ие болатын.

Басттың атрибуты – музыкалық аспап систр . Көптеген жағдайда осы тәңірді , мысықтың басымен болған әйел, қолында систр , аяқтарның қасында төрт кішкентай мысық деп бейнелеген . Осылайша мысырдықтармен шұрайлықтың тәңірі кейіптелетін . Басттың ұлы – Мастет .

Ежелгі патшалықтың соңына қарай Баст Сехметпен немесе Тефнутпен теңдестірілсе , Жаңа патшалықта – Мут пен Хатхормен . Бастет гректермен Артемида деп теңдестірілді.

Этимология

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Баст – қазіргі мысыртанушылардың есім айтылуының тағы да бір нұсқасы. Ежелгі мысырдық «bȝstt» сөзі «bȝst-» және де әйелдік жалғау «-t» - дан құралады . Ежелгі мысырдықтар дауысты дыбыстарды жазбағандықтан , осы сөз «Баст» немесе «Бастет» деп естілуі мүмкін . Осымен қатар , есімнің «Бес» атынан таралуы да мүмкін .

Шұрайлықтың жебеуші әйелін мысырдықтар бүкілхалықтық тәңірдің дәрежесіне тұрғызған . Қайтыс болған мысықтың есіне арнап , мысықтың иелері өздерінің қастарын қырып тастайтын , ал мысықты байқамай өтіп кеткен арбаны , тастарман лақтырып тастайтын . Тіпті фараондар да Бастет ғибадатханасында құрбандықтар шалатын .

Бубастисте Бастқа арналған мумияланған мысықтардың некрополі болатын , ол 1887-1889 жылдары мысыртанушы Э.Навилмен табылған .

Наным-сенімдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мысық бейнесіндегі Баст

Дәстүрлі түрде , күнмен , шұрайлықпен және де әйелдердің сәтті босануымен байланыстырылатын.Баст екі нақтылы түрде көрсетілетін : мысық басты әйел және де арыстан .

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Naville E. Bubastis (1887—1889).

Raymond Faulkner, Concise Dictionary of Middle Egyptian, David Brown Book Co.

Древний Египет. Энциклопедия. — «Арт-Родник», 2008.