Мазмұнға өту

Бадамша дене

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бадамша дене (corpus amyg- daloideum; лат. corpus — дене, amygdaloideum — бадамша) — мидағы көру төмпегі мен жасымықша ядро аралығында орналасқан, жолақты дене құрамындағы сұрзаттық ядро (ядро — белгілі бір қызмет атқаруға маманданған нейроциттер перикариондарының тобы, ми сұрзатының бөлігі). Бадамша денені көру төмпегі мен жасымықшаның сұрзаттық ядроларынан ішкі және сыртқы ақзаттық аралықтар бөліп тұрады. Бадамша дене — жолақты дененің құрамында қыртысастылық ядро ретінде адам мен жануарлар орагнизміндегі көптеген шартсыз рефлекстердің (қимыл, вегетативті реттелу т.б.) іс жүзіне асуына қатысады. Бадамша денені орналасу орынына байланысты иіс миының құрамына жатқызады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9